12 Декабрь
14:13
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
28 қараша 17:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әлем елдерінің ең басты ерекшеліктері аталды
Әлем елдерінің әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар. Саяхаттай барсаңыз, біле жүріңіз


 
АҚШ-та әуежай мен авиарейстер көп. Мұндағы әуежай саны 13 513 болса, 2014 жылы авиарейстер саны 9 553 214 болған. Сондай-ақ ең ұзын теміржолдар да осында. Олардың ұзындығы 224 792 шақырымды құрайды.
 
Венесуэлада ең арзан бензин бар. Мұнда бір литр жанармай бағасы 0,01 доллар. Франция мейрамханалар санынан көш бастаған. Ал Коста-Рика әлемдегі ең көңілді мемлекет ретінде танылса, Сан-марино ең қауіпсіз ел.
 
Мальдив аралдарында ажырасқанжар көп. Мұндағы қыз-келіншектер отыз жастарына дейін екі-үш мәрте ажырасып үлгереді екен. Оңтүстік Корея интернет жылдамдығы бойынша әлемдік көшбасшы. Мұнда 4G өте қолжетімді. Үндістан бағасы ең төмен мемлекет. Ал ең арзан гамбургерлер Мысырда екен.
 
Андорра әлемде шарапты ең көп тұтынатын мемлекет. Италия ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы объектілері бойынша көш бастайды. Қытайда ағылшын тілін білмейтіндер көп екен.
 
Дереккөз: http://news.turizm.ru
нравится:    76
Теги: Әлемге саяхат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии