|    |  
12 желтоқсан 2019
05:55
қаз
​Әлем халықтарының адам шошырлық тағамдары
15 қаңтар 2018, 16:18 78
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші жер бетінде қанша халық болса сонша тағам түрі бар. Тіпті адам шошырлық тағам түрлері де кездеседі. Назар салыңыз 
 
1. Тірі теңіз тасы - Pyura chilensis


 
Перу мен Чили жағалауында осындай тірі тастар бар. Бұлардың құрамында ванадий өте көп мөлшерде болады. Ал еті хош иісті...
 
2. Қосжақтаулы ұлулар - Panopea generosa
 

 
Бұл ерекше ұлулар Солтүстік Америкада тараған. Оны негізінен сушиға пайдаланады. Ұлу өте қымбат. Гонконг базарларында 60 долларға дейін жетеді.  Бұл ұлулар 100-150 жыл өмір сүреді.
 
3. Саңырауқұлақ - Hericium erinaceus
 
 
 
Бұл саңырауқұлақтың екінші атауы «арыстан жалы». Өте пайдалы әрі тамақ өнеркәсібінде де, медицина өндірісінде де қолданылады. Шығыс медицинасында оны иммундық жүйеге қуат беретін құрал ретінде қолданады. Ал дәмі шаянның дәміндей.
 
4. Итбалық - Kiviak
 

 
 
Бұл Гренландияда тұратын халықтардың мерекелік тағамы.  Итбалықтың терісін алып, ішіне 400 құсты салып, 3-18 айға қара тастың астына бастырып тастайды. Аталған уақыт өткеннен кейін алып, құстардың жүнін алып тастап, жейді. Бұл тағам өте ащы болады.
 
5. Малдың пісірілген басы мен сирақтары


 
Таяу шығыс елдерінде өте кең таралған тағам. Малдың басы мен сирақтарын ұзақ уақыт қайнатып пісіреді.
 
6. Құмырсқа балаңқұрты - Escamoles


 
Эскамолес Мексикада өте бағалы. Бұл құмырсқалар қатты қарсылық білдіреді. Сондықтан да олардың балаңқұрттарын алу оңай емес. Бағасы да сол себепті қымбат болады. Дәмі өте тәтті әрі пайдалы.
 
7. Тірі сегізаяқ - San-nakji
 
 
 
Сегізаяқты барлық ішек-қарынымен жеуді кәрістер ойлап тапқан. Бұл тағам деликатес саналады. Даяшы аквариумнан сегізаяқты алып, күнжіт сеуіп, дастарханға тартады. Байқап жемесе, сегізаяқ тамаққа қадалып, адам тұншығып қалуы мүмкін.
 
8. Акуланың борсыған еті Hákarl
 
 

Бұл деликатес Исландияның ұлттық тағамы болып саналады. Акуланың еті улы болатындықтан уты қайту үшін оны біраз уақыт борсытады.
 
9. Өлген шағаладан жасалған алкоголь


 
Бұл сусынды канадалық инуиттер жасайды. Әсері қатты болады. Өлген шағаланы суға салып, бірнеше тәулік күн көзіне қояды. Әрі қарай жасау жолы құпия.
 
Дереккөз: https://www.adme.ru


Жаңалықтар