14 Декабрь
04:29
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
18 ақпан 11:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемде болмаған қарыз өтеудің жаңа түрі

Ресейдің Нижегород облысының соты әлемде бұрын соңды болмаған айыппұл түріне төрелік етті. Мұндай бітімгерлік жекеменшік мекеме мен Нижегород орыс православие шіркеуінің Епархиясы арасында болған.

Дін өкілдері шіркеуге жылытатын қазандықтар орнату үшін жекеменшік делдалдарға тапсырыс беріп, олар өз жұмыстарын істеп берген көрінеді. Бірақ шіркеу келісілген соманың жартысын ғана төлеген. Қызмет ақысы 916 мың рубль болса, соның 458 мыңынан ғана құтылған. Қалған ақшаны бермегендіктен мекеме сотқа арызданады.

Соттың шешімі бойынша айыпталушы қарызының жартысынан көп бөлігін өтеу үшін, арыз берген компанияның басшылығына, ұжымына, отбасыларына дұға етіп, амандығын, денінің саулығын тілеу арқылы қарызынан құтылады. Есесіне коммерциялық ұйым жауапқа тартылушы жақтың барлық материалдық-құқықтық талаптарынан бас тартуға уәде берді.

«Біз заңды бұзбай әлемдік келісіміге келдік. Бұл екіжақты уағдаластықты достық келісімі деп атауға болады. Енді уәде бойынша төменгі Новгородтың ғибадатханаларында күнделікті құлшылығымызда дұға жасалынатын болады», – деді Нижегород Епархиясының баспасөз қызметінің басшысы Алексий Пестрецов «Про Город Нижний Новгород» порталына берген сұхбатында.

Осылайша компания дін қызметкерінің 258 мың рубль қарызы мен 65 мың пайызы және үстемақыларын кешіріп, сотқа шағымданған арыздарын қайтып алды.

ihsan.kz
нравится:    1162
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии