22 Октябрь
17:58
Астана: 2 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Авто
3 қазан 16:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемде ең көп авто шығаратын елдердің рейтингі жарияланды



Дүниежүзілік автоөнідірушілер ұйымында (OICA) ағымдағы жылдың бірінші жартысының қорытындысы жарияланды. OICA деректері бойынша 2017 жылдың 6 айында әлемдік автоөнеркәсіп кем дегенде 48 млн автокөлік құралдарын шығарған (кейбір елдер ауыр жүк көліктерінің өндірісі туралы ақпаратты жарияламайды). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, әлемде авто өндірісінің көлемі 2,9%-ға артқан, деп хабарлайды "Укравтопром".

Әлемдік автоөнеркәсіптің басым бөлігін әдеттегідей жеңіл автомобильдер шығару иеленеді. Олардың қаңтар – маусым айлары аралығында шығарылған жалпы саны 36 млн данадан артық. Өткен  жылғы ұқсас кезеңдегі нәтижемен салыстырғанда ғаламдық автоөнеркәсіптің аталған сегменттегі өндірісі 2,7%-ға артқан.
 
Аса ірі жеңіл автомобиль шығарушы ел – Қытай болып табылады. Аспан асты елінің зауыттары аталған кезең ішінде 11,5 млн жеңіл авто шығарған немесе өткен жылмен салыстырғанда 3,2%-ға артық.
 
Екінші орында – Жапония. Мұнда өндіріс 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9%-ға өскен – 4,1 млн жеңіл автокөлік шығарылған.
 
Өндіріс көлемінің 3,5%-ға құлдырауына қарамастан, үшінші орынды неміс автоөнеркәсібі иеленеді. Германияда алты ай ішінде 2,9 млн жеңіл авто шығарылған.
 
Оңтүстік Корея өткен жылғы нәтижесінен 2%-ға төмен көрсеткішпен алдыңғы бестіктен нық орын алды (4-ші орында). Бұл ел 1 млн 960 мың авто шығарған. Үздік бестікті Үндістан тұйықтайды - 1 млн 943 мың авто.


Дереккөзі: "Укравтопром"
 
нравится:    155
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии