|    |  
22 ақпан 2020
04:36
қаз
Әлемде ішімдікті көп тұтынатын елдер рейтингі жарияланды
25 тамыз 2018, 17:00 52


Британдық Lancet медициналық журналының зерттеушілері Дания тұрғындары әлемде алкогольді ең тұтынатынын, Румыния күніне алкогольді тұтынатын ерлердің саны бойынша, ал Украина әйелдердің саны бойынша көш бастап тұрғанын анықтады.

РИА Новости хабарлағандай, зерттеушілер 1990 – 2016 жылдар аралығында 195 елде жасы 15 – 95 және одан жоғары жас аралығындағы ерлер мен әйелдердің мәліметтерін талдау нәтижесінде осындай қортынды жасаған. Зерттеу «Ғаламдық аурудың ауыртпалығы» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген.

Дания тұрғындарының – 95,3% әйелдер және 97,1% ерлер – алкогольдік ішімдікті тұрақты тұтынатыны анықталды.

Норвегия, Германия, Аргентина және Швейцария тұрғындары да еш қалыспайды.

Күнделікті алкогольді тұтыну мөлшері тұрғысынан ерлер арасында Румыния (8,2 дана), әйелдер арасынан Украина (4,2 дана) көш бастайды.

Зерттеушілер 1 дана алкоголь ретінде 10 грамм таза этил спиртін алған, бұл кішкентай стақандағы қызыл шарапқа, 1 банка сыраға немесе өткір күшті ішімдіктердің 1 рюмкасына тең.

Алкогольді ең аз тұтынатын ерлер Пәкістанда (0,8%), ал әйелдер Бангладеште (0,3%) мекендейді.

«Ғаламдық аурудың ауыртпалығы» бағдарламасының деректеріне сәйкес, 2016 жылы Жер бетінде шамамен 3 млн жуық адам алкогольден көз жұмған, оның ішінде басым бөлігін ер кісілер құрайды - 63%. Бұл ретте 2016 жылы алкогольден көз жұмғандардың саны бойынша Лесото Африка Корольдігі көш бастаған, мұнда 100 мың адамнан 145-тен астамы қаза тапқан. Екінші орында Ресей – 118 адамнан астам. Украина, Беларусь, Моңғолия және Қазақстан тиісінше төртінші, жетінші, сегізінші және оныншы орындарды иеленеді.

Алкогольден көз жұмғандардың ең аз саны Таяу Шығыс елдерінде, ал ең көп саны Еуропа және Орталық Азияда тіркелген.

 


Жаңалықтар