22 Август
11:33
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
9 тамыз 10:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әлемде қанша миллиардер бар?
 
 
2015 жылы әлемде байлығы 1 млрд доллардан асатын 2,4 мың адам болған. Бұл туралы Wealth-X ұйымының есебінде көрсетілген. Әлем миллиардерлерінің жалпы байлығы өткен жылы 7,7 трлн долларды құраған. Миллиардерлер байлығының жалпы көлемі көптеген елдердің ЖІӨ-нен жоғары. Тек АҚШ пен Қытайдың ЖІӨ-не ғана жетпейді екен.
 
Байлардың басым бөлігі Еуропада тұрады. Мұнда тұратын 806 адамның дүниесі миллиард доллардан асады. Бір жылда Еуропадағы миллиардерлер саны 4% өсіп, жиынтық қаржысы 2,3 трлн долларды құраған.  Солтүстік Америкадағы миллиардерлер саны 628, Азияда 645, Таяу Шығыста 166, Африкада 41.
 
Миллиардерлер қатарындағы әйелдер саны 294. Олардың байлығы 876 млрд доллар. Миллиардер ерлердің орташа жасы - 63,2, миллиардер әйелдердің орташа жасы - 62,2 жас. Әлемдегі миллиардерлердің 85% отбасылы.
 
Миллиардерлердің 70% бакалавр, 22% магистр,  9,5%  ғылым докторы.
Ұйым келтірген деректер бойынша миллиардерлердің 56% байлықты өздері тапса, 13% мұраға алған. Ал 31% мұраға алған байлықтарын өздері арттырған көрінеді. Негізгі табыс көзі инвестициялар мен қаржы секторы.
 
Дереккөз: BBC.
нравится:    792
Теги: Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии