20 Август
13:43
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
28 мамыр 15:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемде мұнай бағасы көтерілуде
Әлемде мұнай бағасы көтерілуде


АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қорлары бойынша статистика нарығын күту жағдайында әлемде бейсенбі күнгі мұнайдың бағасы оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұны сауда мәліметтері куәландырады. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 7:18-де Brent солтүстіктеңіздік қоспасының шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,71 пайызға - бір баррель үшін 62,50 долларға дейін көтерілген. WTI мұнайының шілде айындағы фьючерсінің құны 0.3 пайызға - бір баррель үшін 57,58 долларға дейін өскен. 

Инвесторлар АҚШ Энергетика министрлігі энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) бейсенбі күні өтетін елдегі мұнайдың коммерциялық қорлары бойынша статистикасының жариялануын күтіп отыр. Сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 22 мамыр күні түйінделген мұнайдың бір апталық қоры 857 мың баррельге қысқарып, 481,34 миллион баррельді құраған. 

15 мамырда аяқталған аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 2,7 миллион баррельге қысқарып, 482,2 миллион баррельді құраған, деп ақпараттандырады РИА Новости. 

«АҚШ-та мұнай қорларының қайта төмендеуін күту жағдайы қосымша қолдауды тартып отыр (шикізат бағаларына - ред.)», - деп мәлімдеді Франс Пресс агенттігіне Сингапурдағы CMC Markets талдаушысы Николас Тео (Nicholas Teo).
 
ҚазАқпарат 
нравится:    755
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии