22 Ноябрь
22:43
Астана: -5 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.22
EUR/KZT: 388.07
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.93
Экономика
13 мамыр 11:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемде пара беруге екі триллион долларға дейін ақша жұмсалады


Жыл сайын әлемде пара беруге 1 жарымнан екі триллион долларға дейін ақша жұмсалады. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен екі пайызын құрайды, деп мәлімдеді Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард.

Лондонда өтетін жемқорлықпен күрес саммитінің қарсаңында жарияланған Лагардтың ашық хатында жемқорлықтың экономиканы қирататын күшке ие екені, соның кесірінен білімге, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларға жұмсалатын шығынның қысқаратыны туралы айтылған.

ХВҚ басшысының пікірінше, жемқорлықтан болатын қосымша шығындар одан да көп болуы мүмкін және ол экономикалық өсімнің баяулауының және адамдар табысындағы теңсіздіктің өсуінің себебіне айналады.

Кристин Лагард сонымен бірге, жемқорлық азаматтардың үкіметке деген сеніміне сызат түсіретінін және этикалық талаптарды жоятынын айтты. 12 мамырда Лондонда жұмысы басталған жемқорлыққа қарсы күрес саммитіне 40 елдің өкілдері, оның ішінде 11 мемлекеттің басшысы қатысты.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    764
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии