16 Декабрь
13:19
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
8 сәуір 09:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әлемдегі әрбір 11 адамның біреуі қант диабетіне шалдыққан


Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ақпараттарға қарағанда, 2014 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер бетінде 422 миллион адам осы дертке шалдыққан. Бұл 1980 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе көп. Ұйым баяндамасында жыл сайын әлемдегі 1,5 миллион адам таза осы дертке шалдығып қаза тапса, 2 миллион екі жүз мыңының өлімі аталған дертпен байланысты екені айтылған. Яғни қант диабеті дүниедегі адамдар ең көп қаза табатын індеттер тізімінің сегізінші қатарында. Сарапшылар індетке шалдыққандардың дені оның екінші түрімен ауыратынын айтқан. Ал оған басты себеп – дұрыс тамақтанбау мен салауатты өмір салтын ұстанбау. Сол себепті мамандар егер жедел әрекет етпесек, бұл сандардың әлі де еселеп өсуі әбден мүмкін екенін ескертеді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    594
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии