14 Декабрь
02:57
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
13 қараша 13:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әлемдегі ең ақылды 10 жануар



Адамдар жер бетіндегі жалғыз ақылды тіршілік иесі емес. National Geographic зерттеулері көрсеткендей кейбір жануарлар адамдардан да ақылды болып келеді. Сондықтан да сіздің назарларыңызға біз өмір сүретін ғаламшардағы ең ақылды тіршілік иесінің алғашқы ондық тізімін ұсынамыз.

 
Қарғалар

Вороны
 
Қарғалар өте ақылды құстардың санатына жатады. Олар бір уақытта бірнеше істен қатар айналыса алатын қабілетке ие. Канада және Шотландияның ғалымдары қарғалардың логикасы қоршаған ортаны зерделеуге толығымен жететіндігін анықтап отыр.
 
Дельфиндер

 Дельфины
 
Дельфиндер әлемдегі ең ақылды тіршілік иесінің көшін бастайды. Олар топтасып, бірге жүреді. Содан болар, алып акуланың өзі қорқады. Жақында ғалымдар дельфиндердің туыла сала ат қоятындарын анықтады. Бір ысқырған кезде бірнеше дельфиннің ішінен тек біреуі ғана бұрылатын болған. Дельфиндер көп жағдайда адамдарға ұқсас келеді. Аналық дельфиндер 12 ай көтеріп, 8 ай емізеді. Ұйықтаған кезде миы екіге бөлінеді. Яғни, бір бөлігі демалып, ал қалғаны жұмыс істейді. Бұл суда жақсы жүзіп, бір орында демалуына, дауыл тұрғанда суға шашалып қалмауына көмектеседі. Дельфиннің миы 1700 грамм. Салыстыру үшін айтсақ, адамның миы 1400 грамм. Адамға қарағанда, ми қатпарлары екі есе артық.

Егеуқұйрықтар

Топ-10: Самые умные животные планеты

Егеуқұйрықты адамдар арасында жағымсыз пікірге ие. Ол түрлі  қауіпті ауыруларлы тасымалдашы. Алайда олар өте ақылды жәнтік екен. Зерттеуші мамандар ол кез келген істі бастар алдында оған танымдық тұрғыдан қарап,  тиімді стратегияны қолданатындығын анықтап отыр.

Доңыздар

 Топ-10: Самые умные животные планеты

Доңыз  үй жануарларының ішінде ақылды болып саналады. Ол өте ұғымтал тіршілік иесі.  Оларға секіру немесе басқа да қозғалыстарды жылдам үйретуге болады.
 
Бонобо

 Орангутаны
 
 Бонобо – бұл шимпанз тұқымдас ең танымал ақылды тіршілік иесі. Бұл маймыл түрлері құрып кетудің сәл алдында тұр. Оларды тек Орталық Африкадан ғана кездестіруге болады. Зерттеуші мамандар аталған маймылға сөйлеуді үйретуге тырысқан,  нәтижесінде бонобо сөйлеп ғана қоймай, сөздің мағынасын ажарататын болған.
 
Тиындар

Топ-10: Самые умные животные планеты

Тиындар ақылды жануарлар қатарына жатқызылды. Олар тағам тауып жеу үшін адам ойы бойламайтын әдіс-тәсілдермен қулық жасайды екен.
 
Пілдер

Слон

Пілдер өте байқампаз жануар. Оны артында ұшып бара жатқан шыбынның өзі алдай алмауы мүмкін. Жабайы табиғатта өмір сүретін пілдер  қоңыраулы ағаштарды  түн баласының тыныштығын бұзбас үшін құммен және ұсақ тастармен бітеп тастайды екен.

Сиырлар


Сиырлар сыртынан қараған кезде өте жайбырақат жануарлар қатарына жатқызылады. Алайда шындығында олардың өмі бай және күрделі құбылыстарға тоы болады екен. Ғаламдар сиырлардың достары және дұшпандары болатындығын анықтап отыр. Сиыр өте сезімтал тіршілік иесінің қатарына жатқызылады.
 
Аралар


Өте ақылды тіршілік иесінің ондығын– аралар түйіндейді. Аралар гүлдердің түсін бір-бірінен ажыратып, адамдарды түрлеріне қарап тани алады екен. Аралар миының кішілігіне қарамастан, көзі арқылы қабылдаған ақпаратты жоғарғы деңгейде өңдей алады.
 
 
Дереккөзі: facepla.net

 
нравится:    4013
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии