17 Август
23:31
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Авто
3 тамыз 11:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең арзан автомобильдер (фото)

Үндістанды дүниежүзі бойынша ең арзан көлік шығаратын ел деп атауға толық болады. 

 
Индийский автомобиль Bajaj RE60

Bajaj RE60 үндістан автомобилі 

Автомобиль өнеркәсібі ең қымбат салалардың қатарына жатады. Адамдар көп жағдайларда, қалтасына қарай көліктерді таңдап жатады. Сондықтан да көпшілік адамдар көліктің тиімділігі мен үнемділігіне көбірек көңіл аударады.

15car

Karenjy компаниясы. Мадагаскарда орналасқан 1985 жылы негізі қаланған. Компания ұзақ жыл үзілістен кейін Mazana 2 жаңа моделін шығаруға шешім қабылдады. Бірінші маркасынан айырмашылығы онда қауіпсіздік жастығы мен шыны көтергіштің болмауы. Осыдан да болар автокөлік сутегін бағаға сатылды.

15car2

15car1


Mobius 2

15car3

Кениялық Mobius Motors компаниясы жергілікті жолдарда жүруге жарайтын ең арзан көліктерді өндірумен ерекшеленеді. Машина капотының астында орналасқан  мотор небәрі 1,6 литрді құрайды, оның күші 86 аттың күшіне ие. Автомобиль ең төменгі кузовтық элеметтермен  шығарылған, онда керек десеңіз шынысы да жоқ. Осылардың негіздерінде Mobius 2 әлемдеі жол талғамайтын көліктердің ішіндегі ең арзаны болып есептеледі. Оны небәрі 6 мың долларға сатып алуға болады.

15car4


Hindustan Ambassador

15car5

Седан Hindustan Ambassador магнитолмен, ауа баптағышпен және гидрокүшейткішті рулмен жарақтандырылған. Оның көемін D-сыныпты седанмен салыстыруға болады. Таңдау ретінде 1,5 және 2,0 көлемді дизелді қозғалтқыш және 1,8 және 2,0 көлемде бензинді қозғалтқыш таңдау ұсынылады. Кузов 1956 жылы шығарылған, содан бері өзгертілмей келеді. Көліктің бағасы 5 мың долларды құрайды.

 

15car6


Suzuki Mehran

15car7

Пәкістандық машина жалғыз әлемдегі вакуумды күшейткішкіші жоқ тежегіш пен карбюраторлы мотормен жарақтандырылған әлемдегі заманауи көліктердің бірі. Пәкістандық бұл  көлікті 5 мың долларға сатып  аласыз. Алайда оның теникалық бөліктері ғана емес, ауа баптағыш құрылғыларының өзі заман талаптарына сәйкес келмейді.

15car8

 

15car9

Daewoo Matiz

16car

Ресей авто нарығында арзан көліктер көшін көп жылдан бері Daewoo Matiz бастап келеді. 20 жылдан бері ол жоғары сұранысқа ие.  Оны шамамен 299 мың рубьге (5 мың доллар) сатып алуға болады. Техникалық жағы әлсіз болса да, оның корейлік-өзбектік дизайыны көліктің тартымдылығын тіптен арттыра түсті.16car1


Chery QQ
 

16car2

Қытайлық автокөлік. Ішкі нарықтағы өтімділіі өте жоғары. Автокөлік 5-сатылы «автоматпен» жарақтандырылған. Салонына 5 адам еркін сыйып кете алады. Небәрі 4500 долларға (автокөліктің базалық нұсқасының бағасы) ауа баптағыш, аудиоаппарат пен антенамен жабдықталған көлікті сатып ала алады.
 
16car3

Zotye Z100
 

16car4


Қытайдың ішкі нарығындағы  көлік.  Z100 хэтчбегі қала жолына лайықталған. Машинаның құны 3500 доллар тұрады. Ол 1,0 литрлік, 56 аттың күшіне тең мотормен жарақтандырылған. Қозғалтқышы «автомат» және «механик» болып бөлінеді. Автомобильдің құнына: толық электропакет, USB және AUX кіретін магнитола, АBS және EBD жүйелері, алдыңғы қауіпсіздік жастығы, парктроник т.б. құрал-жабдықтар кіреді
 

16car6

16car5


«ВАЗ 21054″

16car7


Көп жылдан бері базалық жиынтықтары өзгертілмей келе жатқан ресейлік автомобиль. Оның бағасы да көп уақыттан бері тұрақты  (бағасы шамамен 2500 доллар).  Көліктің артықшылығы оның қосалқы бөлшектерінің  арзан болуы және жөңдеудің еш қиындықсыз жүргізілуінде жатыр.

16car8


Tata Nano

16car9

Tata Nano қалалық субкомпакт болып табылады. Көлік 0,6 литр көлемдегі, яғни 35 ат күшіне тең мотормен жабдықталған. Nano-ны оталдыру үшін 33 секунд қажет.
Автомобильді  небәрі 2500 долларға сатып алуға болады. Ол әлемдегі ең арзан көліктер қатарында, алайда ең қауіпті автомобиль көшін бастайды. 60 км/с қозғалыста автокөлік соғысқан кезде одан аман қалу мүмкіндіктері өте төмен.

Bajaj RE60
 

17car1

Үндістаннан шығарылатын Bajaj RE60 көлігі арзан көліктердің басында тұр. Автомобиль 4 адамға арналған. Машинаның ұзындығы 2,7 м, ал ені бар болғаны 1,3 м құрайды. Bajaj RE60 көлігін құрастыру кезінде оған  пластик пен құрыш пайдаланылған. Соның арқасында көлік 400 кг ғана құрайды. Оның нарықтағы құны бар болғаны 2000 доллардың шамасында
 

17car2

Дереккөзі: nur.kz








 
нравится:    2526
Теги: Авто тарихы, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии