Спорт
22 тамыз 16:30
Әлемдегі ең бай спортшы қыздардың тізімі жарияланды



Forbes журналы әлемдегі ең бай спортшы қыздардың 2018 жылғы рейтингін жариялады.

Lenta.ru хабарлағандай, тізімнің ең басында АҚШ теннисшісі Серена Уильямс көш бастап тұр. Оның биылғы тапқан табысы 18,1 млн долларға бағаланып отыр. Одан кейінгі орындарды мына теннисші қыздар иеленеді: Каролин Возняцки (13 млн доллар), Слоун Стивенс (11,2 млн доллар), Гарбинье Мугуруса (11 млн доллар), Мария Шарапова (10,5 млн доллар) және Винус Уильямс (10,2 млн доллар).

Үздік ондыққа (ТОП-10) спорттың басқа түрінен тек екі нәзік жанды енген. Жетінші орында бадминтоншы ару Пусарла Венката Синдху (8,5 млн доллар), тоғызыншы орында автошабандоз Даника Патрик (7,5 млн доллар).

Айта кететін жайт, Серена Уильямс үш жыл бойы қатарынан әлемнің ең бай спортшысы атанып отыр.


 

Комментарии




Яндекс.Метрика