12 Декабрь
12:31
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
11 қыркүйек 09:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең белсенді саяхатшылар – қытайлықтар
Қытай халқы ұлттық валютасы юань құнсызданса да, әлемдегі ең саяхатшыл ел болып отыр. Өткен жылы қытайлық туристер шет мемлекеттерге 165 миллиард долларын қалдырып кеткен. Осы елдегі  туризмді зерттеу институтының мәліметіне сәйкес, биыл да сыртқа саяхаттайтын қытайлықтардың саны былтырғымен салыстырғанда 16%-ға артық болады деп болжануда.



Биыл бірнеше мемлекетте Қытайдың туризм жылы өтіп жатыр. Мәселен Үндістан мен Оңтүстік Корея, Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар елдері «Жібек Жолын» жаңғырту аясында туристік әріптестікті дамыту үшін өзара «Туризм жылын» жариялады. Соған сәйкес бұл мемлекеттерге қыдырып барған қытайлықтардың саны күрт артқан. Желіп жүріп, жер танысам дегендер үшін юаннің құнсыздануы да кедергі келтірген жоқ. Чен Шинлу, турист: - Мен Америкаға барғалы отырмын. Киім кешек, ештеңе сатып алмаймын,DutyFree-дағы заттар да маңызды емес. Өйткені мен демалуға барамын. Гуо Жихао, турист: - Шетелден алатын заттарым маған бәрібір арзанға шығайын деп тұр. Ақша құнсызданды екен деп жоспарымды өзгертпеймін. Жергілікті туроператорлар юаннің құнсыздануы жолдама бағасына әсер еткенін жасырмайды. Саяхаттаушыларға билет сатумен айналысатын ірі интернет агенттік жолдама бағасы шамамен 100-200 ренминбиге қымбаттағанын айтады. Бұл теңгеге шаққанда шамамен 3800-7000 теңгеге дейін өсті деген сөз. Лю Бэй, туристік компанияның вице-президенті: - Шетелге шығатын туристер саны жылдан жылға артып келе жатқандықтан біз жергілікті туроператорлармен өзара тиімді келісім-шарттарға отырдық. Ірі агенттіктер өздерінің көптен бері жұмыс істеп келе жатқан сенімді әріптестерімен юань мен доллар курсы өзгермей тұрып келісім-шартқа отырған. Сондықтан ешкім желінбейді, екі жаққа да тиімді. Былтыр бұл елден АҚШ-қа 2 миллион турист барған. Өткен жылы қарашада қытайлық туристер үшін визаны он жылға созғаннан кейін олардың саны тіпті артып келеді. Бір сөзбен айтқанда басқа елге барады, біреудің экономикасын ақшаларын салады.



Билік ішкі туризмді дамытуды қолға алды. Тіпті жұмыс күнін төрт тәулікке дейін қысқарту туралы бастама жасалды. Былтыр Қытайдан әлемді аралауға 110 миллион турист сыртқа шығып, шет елдерге 165 миллиард долларын қалдырып кеткен. Биыл да шартарапты шарлауда қытайлық саяхаттаушылар дүниежүзінде бірінші орыннан көрінбек. Астанада өтетін EXPOкөрмесіне көрші елдің туристері көп келеді деп үміт артуымыз бекер емес. 2017 Қытайдағы Қазақстан жылы деп жарияланған.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    1119
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии