17 Декабрь
21:29
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
25 мамыр 16:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең қарт кейуана 116 жасын атап өтті
Әлемдегі ең қарт кейуана 116 жасын атап өтті


АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны Джералин Тэлли бүгінде әлемдегі ең қарт адам саналады екен. USA Today хабарлағандай, әжей өзінің 116 жасқа толғанын атап өтті. Ол осынша ғұмырында екі ғасырды көріп, 12 бала сүйіпті және АҚШ-тың 20 президентін «ауыстырыпты». Бұл жолы да кейуананы туған күнімен елдің қазіргі басшысы Барак Обама құттықтап, жеделхат жолдаған. Джералин Тэлли туған күн кешін туған-туыс, дос-жарандарымен бірге үйінде атап өткен. Дастарқанға шырақ жағылған тәтті нан қойылып, әдеттегідей Happy Birthday әні шырқалыпты. Қарт ананың ақсақалы 1988 жылы 95 жасында дүние салыпты. Ал өзі болса биыл сәуір айында 116 жасқа келіп қайтыс болған Арканзас тұрғынынан кейін әзірге әлемдегі ең қарт адам атанып отыр.

Дереккөзі:24.kz
нравится:    638
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии