Әлем жаңалықтары
16 мамыр 12:36
Әлемдегі ең қарт мысық өмірден өтті
Техас штатындағы Мэнсфилд қаласында әлемдегі ең ұзақ жасаған мысық 30 жасында көз жұмды.

Скутер есімді үй жануары Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мысық 1986 жылдың 26 наурызында туған. Ол өзінің иесі Гэейл Флойдпен бірге тұрған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.




Үй иесі әйелдің айтуынша, 30 жыл ішінде мысықтың дағдысы өзгермеген, ол таңертең сағат алтыда мияулап тамақ сұрайды, кешке әйелді жұмыстан келгенде есік алдында күтіп алады. Гейл мысығының ұзақ өмір сүруін қозғалысының көптігінен деп санайды. 30 жылда Скутер Американың 50 штатының 45-ін аралаған.
Ол төрт апталығында анасынан айырылған, 2014 күзде аяғын сындырып алған екен. Сол себепті өлгенге дейін медициналық тексеруден өтіп, жануарлар дәрігеріне қаралып тұрған.
Бұған дейін әлемдегі ең кәрі мысық Орегон штатындағы 26 жыл өмір сүрген Кордурой саналып келген. Ал жалпы ең ұзақ өмір сүрген мысықтың ғұмыры  38 жыл 3 күнге созылыпты. 
 
br />




 

Комментарии




Яндекс.Метрика