|    |  
20 шілде 2019
16:29
қаз
​Әлемдегі ең қауіпті құс өзінің қожайынын өлтірді
15 сәуір 2019, 15:01 241
Америкадағы Казуар атты құс өзінің қожайынын өлтірді.


 
Оқиға Флорида штатында орын алған. Құс өзінің торына кірген фермерге шабуыл жасаған. 75 жастағы фермер абайсызда жерге құлап түскен. Сол кезде құс оған тырнақтарымен тап берген. Фермер алған жарақатынан қаза тапқан. Құс қазір мамандардың бақылауында.
 
Казуарлар – Гиннес рекордтар кітабының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қауіпті құс. Бұл құстардың ересек түрлері екі метрге дейін жетеді. Салмақтары 60 келіге жетеді. Олар ұшпайды, бірақ жылдамдықтарын сағатына 50 километрге дейін арттыра алады. Олардың тырнақтары 10 метрге дейін өседі. Сондықтан да олардың соққылары өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
 
Дереккөз: The Gainesville Sun 


Жаңалықтар