19 Август
13:23
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
27 қаңтар 14:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең көп сатылған автокөлік — Toyota Corolla


2015 жылдың қорытындысы бойынша Седан Toyota Corolla әлемдегі ең көп сатылған көлік болып танылды. Бұл туралы Focus2Move-тың аналитикалық агенттігі жазды.

Өткен жылы әлемдік нарықта 1 млн 339 мың Toyota Corolla көлігі сатылған. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,7 %-ға артық.

Toyota Corolla көлігінің ең көп сатылымы АҚШ нарығында орын алды. Онда бұл моделдің 363 мың 332, Қытайда 300 мың 641, Жапонияды 109 мың 27 данасы сатылған.

Хэтчбек Volkswagen Golf көлігі әлемдік саудада саны жағынан ең көп сатылған автокөліктер рейтингінің екінші орында тұр. 2015 жылы бұл моделдің 1 млн 41 мың данасы сатылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда  8,4 %-ға артық. Хэтчбек Volkswagen Golf көліктерінің ең көп сатылған жерлері Германия (270 мың 953 дана), Қытай (195 мың 845 дана), Ұлыбритания (75 мың 38 дана), АҚШ(65 мың 308 дана) және Италия (44 мың 436 дана) болды.

post_intext_1453874271pu

Үшінші орында-пикап Ford F-Series көлігі. 2015 жылы бұл моделдің 920 мың 172 данасы сатылды. Ford көлігінің 780 мың данасы АҚШ-та және 118 мың 838 данасы Канадада сатылған.
post_intext_1453874294pu

2015 жылы ең көп сатылған үздік 10 автокөлік:

1. Toyota Corolla — 1 339 024

2. Volkswagen Golf — 1 041 279

3. Ford F-Series — 920 172

4. Ford Focus — 826 221

5. Toyota Camry — 754 154

6. Hyundai Elantra — 746 924

7. Volkswagen Polo — 692 182

8. Honda CR-V — 696 594

9. Chevrolet Silverado — 669 683

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    752
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии