18 Декабрь
09:26
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
13 мамыр 12:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең қымбат брендтердің аты аталды

Әлемдегі ең қымбат брендтердің аты аталды. Forbes журналының нұсқасы бойынша америкалық Apple корпорациясы ең қымбат брендтер рейтингінде тағы да бірінші орында тұр.

Басылым  Apple-дың құнын 154,1 млрд долларға бағалап отыр. Соңғы тоқсанда компанияның кіріс көлемі азайғанмен, жоғарғы технологиялық тауарлар нарығында әлі де көш бастап келеді.

Ал интернет алпауыты Google компаниясы екінші орынды иеленді. Корпорация құны өткен жылы 65,6 млрд долларға бағаланса, биыл 82,5 млрд АҚШ долларын құрады. Осылайша ол былтырғы жылы екінші орында болған Microsoft-ты бір сатыға төмендетті. Microsoft брендінің құны 69,3 млрд-тан, 75,2 млрд долларға дейін көтерілді.

Ал рейтинг бойынша төртінші орынды 58,5 млрд долларға бағаланған Coca-Cola компаниясы иеленді. Бесінші орында Facebook. Оның құны – 52,6 млрд доллар.

Сондай-ақ, Forbes басылымының ең қымбат брендтер тізіміне  IBM, Toyota, Disney, McDonald’s, General Electric сияқты ұйымдар енді.

7kun.kz
нравится:    771
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии