16 Декабрь
20:53
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
11 қараша 11:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең лас қалалар мен елдер белгілі болды


Британдық The Telegraph басылымы әлемдегі денсаулыққа қауіпті ең лас қалалар мен елдерді атады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қараша айының басында Дели ауасының ластануы қауіпсіз деңгейден 30 есе асып түскенін хабарлады. Көлемі 2,5 микрон (РМ 2,5) аспайтын зиянды бөлшектердің концентрациясы 1 куб метрде 700 микрограмнан асып кеткен. Мұндай бөлшектер адам шашының диаметрінен де кішкентай болып табылады. Оларға шаң-тозаң, қара күйе, сондай-ақ сульфаттар мен нитраттар жатады. Мұндай заттар көбіне ірі мегаполистерде ауаның ластануына алып келеді.

Салыстырып қарайық, Лондондағы ең жоғарғы көрсеткіш 1 куб метрде 69 микрограмды құрайды. Сондықтан, Дели тұрғындары қала үстін тұмшалаған түтінді газды камераға теңейді.

Алайда, соған қарамастан, Үндістанның астанасы әлемдегі ең ластанған қала болып саналмайды. Мұндағы шаң мен тозаңның жылдың концентрациясы 122 мкг/м3 құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, Дели осындай көрсеткішпен әлемдегі ең лас қалалары рейтингінде 11-орынға тұрақтайды екен.

Рейтингте Иранның Забол қаласы 217 мкг/м3 көрсеткішпен көш бастап тұр. Екінші орында Үндістанның Гвалиор қаласы орналасқан. Сонымен қатар, бестікке Үндістанның Аллахабад, Эр-Рияд қалалары және Сауд Арабиясының Аль-Джубайл қаласы енді.

ДДСҰ деректеріне сәйкес, әлемдегі ең лас елдер Пәкістан, Катар, Ауғаныстан, Бангладеш және Мысыр болып табылады. Еуропа құрлығында салыстырмалы түрде Түркияның, Болгарияның және Сербияның ауасы тазарақ екен. 

Неғұрлым лас елдер Австралия, Бруней, Жаңа Зеландия, Эстония және Финляндия болып табылады.

Ал Стокгольм әлемдегі ауасы ең таза қала деп танылды. Бұл елде (Швецияда) 1990 жылдан бері көмірқышқыл газдың ауаға таралуы 25%-ға азайған. 2050 жылға қарай билік қазба отыннан бас тартуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Веллингтон, Канберра, Оттава, Эдинбург, Монтевидео, Таллинн, Хельсинки, Монако және Мадрид өздерінің таза ауасымен мақтана алады.
 

Дереккөзі: http://news.turizm.ru
нравится:    281
Теги: Туризм жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии