Әлем жаңалықтары
24 ақпан 14:45
Әлемдегі ең семіз еркек арықтап кетті
Әлемдегі ең семіз еркек арықтады. Хуан Педро Франко бір жыл ішінде 130 кг артық салмақтан арылған. 33 жасқа толған оған бірнеше рет ота жасалып, асқазанының жарты бөлігін алып тастаған. Бұған қоса, ол диетаға отырып, жаттығулар жасауға көп уақытын бөледі.



Өткен жылы Хуан 590 кг салмақпен Гинннестің рекордтар кітабына енген болатын. Дәрігерлер семіздіктің салдарынан оның денсаулығына төніп тұрған бірнеше қауіпті диагноздарды анықтаған болатын. Сондықтан өмірге құштарлығы артқан Хуан тез арада артық салмақтан арылуға түбегейлі шешім қабылдаған. Мексикалық азаматтың басты арманы – ешкімнің көмегінсіз өз бетінше жүріп-тұру.



Дереккөзі: www.segodnya.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика