15 Декабрь
04:50
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
11 қазан 14:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең үлкен сәбіз рекордтар кітабына енді


АҚШ-тың Миннесота тұрғыны өз бақшасында 10,17 кг сәбіз өсіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кристофер Квалли бұл қадамға жоспарлы түрде барғанын айтады. Ол әлемдегі ең үлкен сәбізді өсіруді армандаған. Ол өз арманына жету үшін  құнарлы топырақты, ерекше тұқымды таңдап алған.



Ол өзінің бағбандықпен айналысқанына аз ғана уақыт өткеніне қарамастан, бар күш-жігерін салған. Нәтижесінде әлемдегі ең үлкен сәбізді өсіріп, атағы жер-жаһанға мәлім болды. Енді ол ең үлкен қызанақты өсіруді қолға алмақ.

Биыл ол мұндай нәтижеге жетудің аз-ақ алдында қалды. Кристофердің бақшасында өсіп шыққан томаттың салмағы 3,49 кг тартады. Бұл көрсеткіш әлем рекордынан бар-жоғы 680 граммға кем болып табылады. Осындай нәтижеге қол жеткізген ол келесі жылы өзінің жетістігін жақсартуға бар мүмкіндікті пайдалануды жоспарлап отыр.




Ал, сәбізге келетін болсақ, бағбан оны қайта отырғызуға шешім қабылдаған. Алайда, қайын енесі сәбіздің бір бөлігін кесіп алып, жеп қойған. Осылайша, оның енесі де енді әлемдегі ең үлкен сәбізден алғаш дәм татқан тұлға ретінде рекорд орнатты.

 

Дереккөзі: http://120.su
нравится:    78
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии