19 Август
22:44
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
17 тамыз 12:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды
 
 
Тәуелсіз ShanghaiRanking Consultancy ұйымы әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингін (The Academic Ranking of World Universities – 2016 (ARWU) жариялады. Оған ондаған елдің университеттері мен институттары кірген. Біз соның ішінен ең үздік 10 оқу орнын атап көрсетпекпіз.
 
Рейтинг жасалған кезде түрлі пәндер бойынша оқыту сапасы, профессорлық-оқытушылық құрам мен оқу орнын бітірген студенттердің жетістігі (Нобель және Филдс сыйлығының лауреаттары), білікті зерттеушілердің, Science және Nature ғылыми журналдарында мақалалардың болуы маңызды.
 
 
1. Гарвард университеті



1636 жылы негізі қаланған. Әлемдегі әйгілі оқу орны. Рейтингте абсолютті көшбастаушы. Әлемдегі 62 миллиардердің, 150 Нобель лауреатының, 18 Филдс лауреатының, 13 Тьюринг сыйлығы иегерінің,  сондай-ақ АҚШ-тың 8 президентінің осы универтитетке қатысы бар.
 
 
2. Стэнфорд университеті



Бұл оқу орны Гарвард университетінін 250 жылдан кейін ашылған. Оған әлемдегі 30 миллиардердің, 17 ғарышкердің, 60 Нобель сыйлығы лауретанының, 20 Тьюринг сыйлығы иегерінің және 7 Филдс медалі иегерінің қатысы бар.
 
 
3. Калифорниядағы Беркли университеті



Әлемдегі үздік ЖОО тізімінде бір жылда бір позицияға жоғарылаған. Оның түлектері, зерттеушілері мен қызметкерлері 72 Нобель сыйлығын, 13 Филдс медалін, 22 Тьюринг сыйлығын, 14 Пулитцер сыйлығын және Олимпиадалардың 105 алтын медалін алған.
 
4. Кембридж университеті



Әлемдегі ең ескі жоғары оқу орындарының бірі. 1209 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оған 92 Нобель сыйлығы мен 10 Фелдс сыйлығы иегерлерінің қатысы бар. Бұл университетті биолог Чарльз Дарвин, Ұлыбритания королі Георг VI, Дания патшайымы Маргретте II және жүздеген танымал адамдар тәмамдаған.
 
 
5. Массачусетс технологиялық институты 



Технологиялық институтқа 85 Нобель сыйлығы мен 6 Филдс медалі иегерлерінің, 34 ғарышкердің, 19 Тьюринг сыйлығы лауреатының қатысы бар. 2016 жылғы рейтингте институт үшінші орыннан түсіп қалған.  
 
6. Принстон университеті 



Мұнда Нобель сыйлығының 41, Филдс медалінің 14 лауреаты, Тьюринг сыйлығының 10 иегері оқыған. АҚШ-та беделі жағынан бесінші орында.
 
7. Оксфорд университеті 



Әлем бойынша Болоннан кейінгі ең ескі екінші оқу орны. 1096 жылы мұнда сабақ жүргізілген. Ескі музейі мен жеке баспасы бар. Нобель сыйлығының 27 лауреаты мен Ұлыбританияның 27 премьер-министрінің есімдері осы оқу орнымен байланысты. Ұлттық рейтингте екінші орында болса, әлемдік рейтингте бір жыл ішінде үш орынға көтерілген.  
 
8. Калифорния технологиялық институты 



Байқасаңыз, бір штаттан екі бірдей оқу орны үздік ондыққа кірген. Бұл институт жетінші орыннан сегізінші орынға түскен. Десе де, Нобель сыйлығының 34, Филдс медалінің 1 лауреатының және Тьюринг сыйлығын алған 6 адамның осы институтқа қатысы бар.
 
 
9. Колумбия университеті



АҚШ-тағы белгілі оқу орындарының бірі. Әлемдегі 20 миллиардер мен 104 Нобель сыйлығы лауреаты осында оқыған. Бұл тізімге АҚШ-тың үш президенті мен Жоғарғы соттың тоғыз төрағасын қосуға болады.
 
10. Чикаго университеті



Мұнда Нобель сыйлығын алған 89, Филдс медалін алған 9 адам және 13 миллиардер, АҚШ Конгресінің ондаған мүшесі оқыған.
 
Дереккөз: dni.ru
нравится:    739
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии