11 Декабрь
23:18
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
16 маусым 13:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең ұзын пицца әзірленді
Әлемдегі ең ұзын пицца әзірленді
 

Итальяндық аспаздар әлемдегі ең ұзын пиццаны әзірледі, деп хабарлайды The Local.it.
Ренде қаласында бұл тағамды дайындауға 16 сағат уақыт жұмсалған. Сөйтіп, ұзындығы 1,2 шақырымнан асатын пицца әзірленді.
Оны пісіру үшін арнайы пеш пайдаланылды. Пиццаның бір бөлігі әзір болған кезде оны үстелге қойып, келесі бөлігін пештің ішіне салған. 
Рекордтық асты тамашалауға 60 мыңға жуық адам жиналды, олардың кейбірі асты әзірлеуге көмегін де берді.
Бұған дейін ең ұзын - ұзындығы 1,14 шақырым болатын пиццаны 2011 жылы испандықтар әзірлеген болатын.
Рекорд орнатқан испандықтар осылайша, Ренде қаласының мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы жандары үшін арнайы автобусты жолға шығаруға қажетті қаражатты жинап алды.

ҚазАқпарат
 
нравится:    986
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии