13 Декабрь
21:07
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
10 желтоқсан 17:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең жомарт 7 адам


Жақында ғана Фейсбук әлеуметтік желісінің негізін салған Марк Цукерберг әлеуметтік желіге тиесілі 99%  акциясын қайырымдылыққа жұмсайтыны туралы мәлімдеген еді. Осыдан бөлек біз әлемде болашақтың жарқын болуы үшін инвестиция салатын  филантроптардың бар екенін біліміз бе?

Америкалық қайырымдылық жасаушылардың бірі Эндрю Карнеги былай деген екен: «Бірде бір адам басқалардың игілігі үшін қайырымдылық жасамай бай бола алмайды. Егер адам бай болып өмірден өтетін болса, ұят болады»

Осы сөзді ондаған миллиардерлер есінде сақтай жүріп, өз қаржыларын түрлі қайырымдылық істеріне жұмсайды. Wealth-X жеке сараптама фирмасы әлемдік мецанаттардың осы күнге дейін жасаған қайырымдылықары бойынша «жомарттық индексін» анықтады.

Сонымен қайырымдылық жасау қолынан келген әлемдегі ең жомарт 7 адамның тізімі төменде:

Марк Цукерберг



Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 45 млрд доллар
Жеке капиталы: 40,3 млрд долларов
Жомарттық индексі: 111%

Facebook-тың негізін қалаушы, әрі бас директоры Марк Цу­кер­берг әлемнің ең бай адамдары тізімінде  жетінші орында. Жары Прис­цил­ла Чан екеуі Facebook-ке тиесілі 99% акциясын қайырымдылыққа жұмсауға ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Қазіргі уақытта акция пакетінің құны 45 млрд долларды құрады. Аталған қаржы АҚШ-та ірі қайырымдылық қорын ашуға жетеді. Алайда әлеуметтік желінің негізін салушы жыл сайын қаржының 1 млрд долларын қайырымдылық істеріне жұмсауды жоспарлап отыр. Ол мұндай шешімді Макс атты қызы дүниеге келген соң қабылдады.

Танымал желіні құрған Марк алғаш рет филантропиямен айналысып отырған жоқ. Ол соңғы жылдары білім және денсаулық сақтау жобаларына да арнап  қаржы бөлген. Кремний алқабындағы аса танымал емес аудандарының бірінде мектеп және Сан-Фран­цис­ко госпиталында травматологиялық орталық ашты.

Билл Гейтс



Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 27 млрд доллар
Жеке капиталы: 84,2 млрд долларов
Жомарттық индексі: 32%

Билл Гейтс алдымен Microsoft-тың негізін салушы ретінде танымал. Қазіргі таңда көп уақытын қайырымдылыққа бөледі және әйелі Ме­лин­дамен бірге қайырымдылық қорын басқарады.

Бұл қор әлем бойынша түрлі бағдарламалар мен жобаларға грант бөледі. Көбінесе қаржы ауыл шаруашылығына, төтенше жағдайларға, жаһандық кітапханаларға, қаладағы кедейлік мәселелерін шешуге және әлемдік денсаулық сақтау мен білім салаларына бөленеді. Қор құрылған сәттен бастап GAVI, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Ротари қоры, Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес қоры және туберкулез бен ЮНИ­СЕФ сияқты орталық үшін миллондаған ақша жұмсады.

Уоррен Баффетт


Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 21,5 млрд доллар
Жеке капиталы: 61 млрд долларов
Жомарттық индексі: 35%

Berkshire Hathaway холдингінің директорлар кеңесінің басшысы Уо­р­рен Баф­фетт тек әлемдегі ең бай адамдардың бірі ғана емес, филантроп тұлғалардың бірі.

2006 жылы Баф­фетт өз қаржысының 85 пайызын Билл және Ме­лин­да Гейтстің қорына және басқа да отбасылық қайырымдылық қорларына бөлетіні туралы уәде берген болатын. Ал 2011 жылы Билл Гейтспен бірігіп ауқатты адамдардың өз қаржыларын қайырымдылыққа бөлуге көмектесетін Giving Pledge атты филантропиялық қор құрды.

Джордж Сорос


Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 8 млрд доллар
Жеке капиталы: 24,4 млрд доллар
Жомарттық индексі: 33%

Джордж Сорос бұрынғы Сорос қорының негізін қалаушы. Қазір «Ашық қоғам» үкіметтік емес ұйымының төрағасы қызметін атқарады. Бұл ұйымды ол 1979 жылы қайырымдылық ұйымы ретінде ашқан. Сорос қоры аймақтарды дамыту мақсатында халықаралық ұйымдарға және қоғамдық жұмыстарға, денсаулық сақтау, білім салаларына қаржы бөледі.

Азим Премжи


Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 8 млрд долларов
Жеке капиталы: 15,9 млрд долларов
Жомарттық индексі: 50%

Азим Прем­жи, үндістандық Wipro IT-ком­па­ниясының басшысы. Сондай-ақ үндістандық білім беру жүйесі мен емтихан жүйесін реттеуді қолға алған Азим Премжи қорының негізін салушы.

Ұйым Прем­жидің толық үлесі арқылы Wipro  есебі үшін әрекет етеді. 18 тілдегі компьютерлік оқытуды қамтамасыз ететін Computer Aided Learning сияқты бағдарламаларды және арнайы мұңлімдерді дайындайтын Азим Прем­жи коммерциялық емес университетін үнемі қолдап отырады.

Чарльз Фрэнсис Фини

Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 6,3 млрд долларов
Жеке капиталы: 1,5 млн долларов
Жомарттық индексі: 420 000%

Танымал «Джеймс Бонд қоры» сияқты Чарльз Фрэнсис Финиде өз миссиясы ретінде қайырымдылық жасауды таңдап алды. Ол жеке капиталы 105 млрд долларға төмендегеннің өзінде қайырымдылықты жеткілікті жасап үлгерді.

Чарльз Фрэнсис Финидің Atlantic Philanthropies қоры білім-ғылым, денсаулық сақтау салаларын және АҚШ, Ветьнам сияқты бірнеше мемлекеттегі азаматтардың құқығын қорғау мәселелерін қолдайды.

Сулейман ибн Абдул Азиз аль-Раджи



Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы: 5,7 млрд долларов
Жеке капиталы: 590 млн долларов
Жомарттық индексі: 966%

Су­лей­ман ибн Абдул Азиз аль-Ра­джи 1957 жылы өзінің үш бауырына банк ашып берген. Кейіннен банктер әлемдегі ислам банктердің бірі ретінде таныла бастады.

Кейін 2013 жылы ол филантропияға бет бұрып, өзінің барлық үлесін Sulaiman bin Abdul Aziz Al Rajhi Endowments Holding Company қайырымдылық компаниясына бағыттады. Компания барлық қаражатты әлеуметтік жұмыспен қамтуға, білім, денсаулық сақтау ұйымдарына, Араб тілін институтына, Эр-Ри­яда мен Сауд Арабиясындағы Су­лей­ма­н ибн Абдул Азиз аль-Ра­джигоду мешітіне жіне Сауд Арабиясы ұлттық гвардиясының денсаулық сақтау департаменті қызметіне жұмсайды.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    1340
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Abdu2015-12-11 01:55:54
    1.Osman Nuri Toppaş 2. Musa Toppaş