24 Август
01:20
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
15 шілде 13:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең жылдам дрон Гиннестің рекордтар кітабына енді


Жарысатын дрондар лигасының (Drone Racing League, DRL) мүшелері құрастырған RacerX дроны әлемдік рекорд орнатты.
 
Тестілік ұшу кезінде кдадрокоптер жылдамдығын сағатына 263 шақырымға дейін арттырды. Бұл осындай ұшу апррататтары үшін рекордты көрсеткіш болып табылады.

Бұл ретте дронды құрастырушылар дрон шын мәнінде сағатына 289 шақырым жылдамдықпен ұшуға қабілетті екенін тілге тиек етті.

— Аса жоғары жылдамдықпен ұшу кезінде күтпеген жерден дронның батареясы қызып кетіп, істен шықты. Сондықтан, тіркелген жылдамдық сағатына 263 шақырымды құрайды және осы көрсеткіш Гиннестің рекордтар кітабына енді, — деп хабарлайды DRL өкілдері.

Айта кететін жайт, рекорд орнатқан дронның салмағы небәрі 800 грамды құрайды. Ол TMotor F80 2407 2500kv электромотормен және сыйымдылығы 1300 мАч литий-полимерлік екі 5S R-Line Tattu аккумуляторымен жабдықталған.




Дереккөзі: шетелдік БАҚ
нравится:    48
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии