20 Июль
18:50
Астана: 32 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 345.55
EUR/KZT: 401.01
RUB/KZT: 5.45
CNY/KZT: 50.98
Әлем жаңалықтары
24 тамыз 16:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ең жылдам смартфон анықталды



Гаджеттердің жылдам қызмет етуін анықтауға арналған AnTuTu мобильдік қосымшасын әзірлеушілер өздері жүргізген тесттен ең жоғары балл жинаған смартфондардың тізімін жариялады.

Бүгінгі таңда ең жылдам смартфон қытайлық OnePlus 5 флагманы (181 мың балл) болып табылады. Екінші орында HTC U11 (180 мың балл). Одан кейінгі бестікке Samsung Galaxy S8+ (172,6 мың балл), Galaxy S8 (172,4 мың балл) және Xiaomi Mi6 (172,1 мың балл) жайғасты.

Сондай-ақ, неғұрлым жылдам смартфондар тізіміне iPhone 7 Plus, Sony Xpreia XZ Premium, iPhone 7, OnePlus 3T және OnePlus 3 енді.

Бұдан басқа, AnTuTu әзірлеушілері ең өнімді Android-смартфондардың рейтингін жариялады. Онда белгілі себептерге байланысты iPhone 7 және 7 Plus енбеген, оның есесіне LeEco Le Pro 3 және Asus ZenFone 3 Deluxe қамтылған. 


Дереккөзі: Российская Газета
 
нравится:    263
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии