13 Декабрь
01:57
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
29 наурыз 10:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдегі ерекше шатырлы үйлер (фото)


Әлемдегі өзіндік дизайнымен, стилімен тамсандыратын небір ғимараттар мен үйлер бар. Бірақ, шатыры адам таңқаларлықтай етіп жасалған үйлер сирек. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.



Чешир графтығында үйлерді кәдімгі сабанмен қаптайды. Себебі, жергілікті ереже бойынша тарихи ғимараттардың көркін бұзуға болмайды.



Ал егер отбасы көлемі ұлғайып, кішкентай үйге сыймайтындай жағдай орын алса не істеуге болады? Мұндай кезде жергілікті билікпен келісе отырып, құрылыс ретін өзгертуге болады.



Мына жүзбелі үй қожайынның идеясымен салынған. Бето қорапша, тал қабығымен қапталған, иллюминатор терезелер, ішкі жабдығы да тек тас және ағашпен жабдықталған.

Шатыр да өзгеше. Төсеменің өзі үш қабатты жасыл қаптамадан тұрады. Бұл газон секілді. Ұзақ жылдар бойы өсетін ол ыстық пен суықты еркін алмастырып тұрады.



Шатырдың бұл түрі ара тәріздес деп аталады. Мұндай шатыр түрлерін қар аз түсетін аймақ тұрғындары қолданады. Бұл электр энергиясын тұтыну мәселесіне қатысты.

Бұл коттеджің шатырынан аса қатты ерекшелік іздеудің қажеті шамалы. Өзге үйдің шатыры, бұл үйге қондырып қойған. Жобаның авторы оңтүстік кореялық архитектор До Хо Су. Егер төменнен қарасаүй төбеден құлап келе жатқандай әсер қалдырады.



Коттедже қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Үй сейсмоқауіпсіздік талаптарына жауап бере алады және сағатына 100 миль жылдамдықпен соққан желді де ұстай алады. Мұнда бір кездері До Хо Судың өзі тұрған. Кейін ол отбасымен бірге Лондонға көшіп кетеді.

Балтық теңізі жағадауында тұрғызылған бұл үйдің шатыры қамыстан салынған. Бұл тапсырыс берушінің өз өтініші екен. Бұл Балтықтың дәстүрлі сәулет өнері десе де болады.




Фермерлер Дэвид және Лиза Уоллестер үй салған кезде, архитекторға “жануарлардың үй шатырына емін-еркін мініп-шығуы үшін” жағдай жасау керектігін айтқан. 



Архитектор бұл мәселеге барынша салмақты қарап, жайылмалы шөбі бар шатыр құрастырады. Дәл қазір расында онда сиырлар мен өзге жануарлар еркін шыға алады.








Фрэнси Ревальд үйінің шатырын сынған ұшақ еместігін дәлелдеу үшін азаматтық авиация федеральды басқармасына тіркетуге мәжбүр болған. Себебі үйдің бетн қабырғасында баяғыда есептен шығып қалған Boeing 747 ұшағының қалдықтары жатқан.

Дереккөзі: Лента.ру.
нравится:    1373
Теги: Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии