Кербез
11 қыркүйек 13:30
Әлемдегі өмірді тек жақсы жағына қарай бұруға қабілетті 4 жұлдызнама белгісі

Бұлар Жұлдызнама шеңберіндегі соңғы 4 белгі болып есептеледі. Олар төрткүл дүниеге жаңалық ашып, айналасындағыларды өзгертеді, жандандырады, өздері де өзгере білетін жұлдызнамалар.

Бұл жұлдызнама белгілері өзге адамдарды болашақ әлеміне бастайды, біздің өміріміздегі белгілі бір кезеңді жақсы арнаға бұрады. Міне, біздің өмірімізге өзгеріс әкелетін қандай жұлдызнамалар, біліңіз.

Мерген
Мерген - осы әлемдегі шектеулермен күресуші белгі. Олар жаңа жол ашып, қарсы алдындағы кедергілерді жоя біледі. Бұлар әрдайым бағытын өзгертіп отыратын, өзгерісті жаны қалайтын адамдар. Мергендер екі түрлі сипатқа ие. Олардың жұлдызнама белгісінің өзі жартылай жылқы, жартылай адам кейпінде. Бұл жұлдызнама белгілеріне тиесілі адамдар бағытын үнемі өзгертіп, әлемге жақсы жетістіктер әкеледі, ескі дүниелермен күресе біледі, жояды, шындық пен құқық үшін күреседі.


Тауешкі
Тауешкі материалдық әлемге жаңа нәрсе қосады. Бұл жұлдызнама белгілеріне тиесілі адамдар өмірге қандай да бір өзгеріс әкеле алады. Өйткені олар бір орында тұраламай, үнемі жандануда, жаңғыруда жүреді. Тауешкінің белгісі – жартылай ешкі, жартылай балық. Көне мифология бойынша, тауешкі Жер мен Су құпияларының билеушісі. Олар адамға ақыл әкеледі, жалғыздықты ұнатады, өмірге шынайы көзқараспен қарап, үнемі алға ұмтылады.


Суқұйғыш
Суқұйғыш әлемге өзгерістер мен даналық әкелетін тағы бір жұлдызнама белгісі. Олар адамның өзін-өзі аша түсуіне жағдай жасайды, адамдарды сол қалпы қабылдайды, әрдайым өзі де сол қалпында жүреді. Олар әлемге жаңа технологияларды, зерттеулер әкеледі, қандай іспен айналыспасын, жаңалық жаршысы болып жүреді. Өзгелерді дұрыс қарым-қатынасқа үйретіп, жаңа дүниені ашуға талпыныс жасайды. Суқұйғыштың белгісі – қолына өлі және тірі суы бар құмыра ұстаған адамның бейнесі.


Балықтар
Балықтар — бұл жұлдызнаманың соңғы белгісі, ол әлемге зор даналық пен ақыл-парасат әкеледі. Балық адамдарға басқа әлемді - рухани және абсолюттік махаббат әлемін танытады. Балықтар өте өзгермелі келеді, олар арқылы айналасындағы адамдардың көңіл-күйін білуге болады. Тумысынан дарыған білімін әлемге паш етіп, бөлісе алады. Бұлар сезім, руханилық, жан туралы білімдер. Балықтардың белгісі - әр түрлі бағытта жүзіп бара жатқан екі балық.

Дереккөз: moimozg.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика