17 Июль
10:13
Астана: 22 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 342.49
EUR/KZT: 400.85
RUB/KZT: 5.51
CNY/KZT: 51.33
Экономика
11 шілде 15:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемдік дағдарысқа ең төзімді валюталар рейтингі жарияланды



Американың JP Morgan Chase қаржы холдингінің баяндамасына сәйкес, әлімдік дағдарыс орын алған жағдайда Сингапур доллары, жапон иені, Швейцария франкі және АҚШ доллары ең сенімді валюталар болып табылады, деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg басылымына сілтемемен.

"Кредиторлардың барлығы бір мезгілде қарыз алушылардан ақшаны қайтаруын талап еткен кезде құлдырау орын алады. Осындай құлдырау кезінде әлемдегі төрт негізгі валютаның үшеуі – сыртқы нарықтағы өте берік позициясымен мақтана алатын елдердің ақшасы", - дейді баяндамады.

JP Morgan талдаушыларының пікірі бойынша, аталған валюталардың ішіндегі ең сенімдісі – жапон иені, ал ең тартымсызы – Сингапур доллары. АҚШ доллары да өзінің сенімді қасиетінен айырылады, себебі әлемдік қаржы транзакциясы үшін негізгі валюта болып табылады.

Сонымен қатар, мамандар дағдарыс орын алған жағдайда дамушы елдердің валюталарынан, мәселен, Жаңа Зеландия долларынан тезірек құтылуға кеңес береді, себебі нақ осындай валюталар дағдарыс кезеңінде айтарлықтай құнсызданып, өз құнын 17%-ға дейін жоғалтуы мүмкін.

Дегенмен, JP Morgan талдаушылары кең ауқымды әлемдік дағдарыс туралы сөз қозғауға әлі ерте, алайдда халықаралық сауда қатынастары эскалациясы шеңберінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда бизнес үшін валюталық салымдардың қаржы жоспарын дайындап қоюға шақырады.
 
 
нравится:    61
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии