|    |  
08 желтоқсан 2019
00:02
қаз
Әлемнің байлары Трамптың кесірінен бір күнде 35 млрд доллар жоғалтты
18 мамыр 2017, 15:28 50
Әлемдегі ең бай адамдар Дональд Трамптың кесірінен бір күнде 35 млрд долларынан айырылған.



Bloomberg басылымының рейтингі бойынша ең бай адам, Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс –1 млрд доллар жоғалтқан. Оның қазіргі дәулеті 86,8 млрд долларды құрайды. Amazon интернет-компаниясының негізін салушы Джефф Безос 1,7 млрд долларынан айырылған. Арасында ең көп қаражат жоғалтқаны Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг. Компаниясының акциясы 3,3% құлдырап,  2 млрд долларынан қағылыпты. Қазіргі дәулеті 62,3 млрд доллар.

Бұның бәріне Дональд Трамптың АҚШ-тың Федералды тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен босатуы және Трамптың Мәскеумен байланысы төңірегінде туындаған дау себеп болған. Салдарынан АҚШ-тың қаржы қорлары мен сауда-саттық алаңдары аласапыранға түскен.

Дереккөз: Bloomberg


Жаңалықтар