20 Октябрь
18:36
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Мәдениет
27 қыркүйек 16:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемнің ХХ ғасырға дейінгі ең қатыгез қолбасшылары
1.Цинь Ши Хуан

 Қолбасшы болған дәуірі: б.з.б. 247-210 жж.



Цинь Ши Хуан б.з.б. 221 жылы Қытайды біріктіріп Цинь денастиясының алғашқы императоры болған. Ол заманының ғалымдарын арнайы тапсырыс арқылы өлтіріп отырған. Өзінің түсінігімен қайшы шыққан адамдардың барлғының алдынан күткені өлім болған.
 Ши Хуанның кезінде «Ұлы Қытай қорғаны» салына бастаған. Және де мумия әскерлердің қоры жасалған. Бұл әскердің қай жерде жерленгенін ешкім білмесі үшін, онда жұмыс істеген барлық қызметкерлерді мерт қылған. Бұл туралы мәлеметті Гонконг университетінің ұстазы Сюнь Чжоу мәлімдеген.
 
2.Гай Юлий Цезарь Август Германик (Калигула)

Қолбасшы болған дәуірі: б.з. 37-41 жж.



Тарих бетінде Калигула деген есіммен қалған. Ол өзінің барлық саяси қарсыластарын қырып салған. Сонымен қатар олардың жазалау рәсімін ата-аналарының көзінше өткізген. Өзінің қарындастарымен жыныстық қатынасқа түскен, оларды басқа еркетерге сатып отырған. Құлдарын зорлап, артынша жан түршігерлік жолмен өлтіріп отырған.

Ақыр соңында Цезарьды келісім жасасқан бір топ саясаткерлер қанжармен 30 рет соққы жасап өлтірген.
 
3.Атилла (Еділ патша)

Қолбасшы болған дәуірі: б.з. 434-453 жж.



Өзінің ағасын өлтірген соң, Атилла Ғұн империясының патшасы болған. Осыған орай ол Рим империясының ең қауіпті қарсыласына айналған. Қазіргі Германия, Ресей, Украина територияларын бағындырып отырған. Соғыс уақытында асқан қанішерлікпен танылып отырған.
 
4.У Цзэтянь

Қолбасшы болған дәуірі: 690 -705 жж.



Қанішер қолбасшылар тізіміндегі алғашқы әйел. Ол 14 жастағы күңнен Қытай патшайымының лауазымына дейін өскен. Ол өзінің жолындағы барлық қарсыластарын аяусыз өлтіріп отырған. Кейбірі өзінің отбасы мүшелері болған деген де деректер бар.
Ол қатыгездігімен қатар өте ақылды қолбасшы болған дейді тарихшылар.
 
5. Шыңғыс хан

Қолбасшы болған дәуірі: 1206-1227 жж.



Шыңғыс ханның 9 жасында оның әкесін улап өлтіреді. Бала күнінде кедейлік пен аштықта ер жеткен оның жаугершілік кезінде қарапайым халықты асқан қатыгездікпен қырғаны белгілі. Өз еркімеген берілмеген қамалдарды жермен-жексен етіп отырған.
 
6. Томас Торквемада

Қолбасшы болған дәуірі: 1483-1498 жж. (Ұлы инквизитор)



Испани корлі Фердинанд пен королевасы Изабелланы еврейлерді қуғындауға ұсыныс білдіреді. Тарихшылардың пайымдауынша ол 2000-ға жуық адамды өртеп жіберген.

Тағы бір ерекше зерттеуге сүйенсек, Тарквемаданың өзі де еврей отбасынан болған.

 
7. Влад III, Валахия князі Влад (Дракула немесе Влад Цепеш)


Қолбасшы болған дәуірі: 1448; 1456-1462; 1476 жж.



Өзінің барлық қарсыластарын қонаққа шақырып, түгелдей қырып тастаған. Патша болған уақытында аса қатаң жолмен Валнхия княздігінде тәртіп орнатқысы келген.
 
8. Иван Грозный

Қолбасшы болған дәуірі: Мәскеудің ұлы князі — 1533-1547 ж.; Бүкіл Русь князі — 1547-1584 жж.



Иван Грозный жары қайтыс болғаннан кейін асқан қатыгез адамға айналған. Оның дәлелі өзінің екі қабат қызын таяққа жығуы, және ұлын ұрып өлтіруі.

Назарларыңызға ХХ ғасырға дейінгі болған қанішер қолбасшылар туралы ақпараттырды ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта ХХ ғасырдың қатыгез басшылары хақында ақпарат жариялайтын боламыз.
 
Аян Мейраш

Дереккөз: qamshy.kz
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии