|    |  
17 қараша 2018
09:28
қаз
ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗІНШІ КЕРЕМЕТІНДЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
02 маусым, 15:59 885
Әлемнің сегізінші кереметі саналатын император Цинь Шихуанды күзетіп тұрған терракот әскерлерінің екінші моласына археологиялық қазу жұмыстары ресми түрде басталды.


Қытайлық ғалымдар 200 шаршы метр жерді алып жатқан көне моланың орнын зерттемек.  Естеріңізге салайық, адам бойымен бірдей, саздан күйдірілген 8 мыңнан астам сарбаз 2200 жыл бұрын қайтыс болған император Цинь Шихуандидің мәңгі тыныштығын күзетіп тұр.  Ол – бүкіл Қытайды біріктіріп, аты аңызға айналған тұлға. О дүниеде де билігін жүргізу үшін өзімен бірге терракот әскерін көмуге бұйрық берген.  Мұндағы әр әскердің келбеті тірі адамның түрімен бейнеленген. Және мыңдаған мүсін бір-біріне мүлде ұқсамайды.  Бүгінде Сияньдағы бұл археологиялық аймақты жылына миллиондаған турист келіп тамашалайды.

Дереккөз: khabar.kz
Жаңалықтар