18 Август
03:26
Астана: 16 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Туризм
9 наурыз 17:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлемнің туристер үшін ең қауіпті 10 қаласы
Егер сіз дүниенің төрт бұрышын кезіп саяхат жасауды ойласаңыз, онда сіз туристер үшін қандай қалалар өте қауіпті екендігі туралы да білгеніңіз жөн деп ойлаймыз. travelask.ru сайты оқырмандарға туристер үшін ең қауіпті деген қалалар тізімін былай жасапты.

Баркисимето, Венесуэла



Баркисимето шағын қала болса да, мұнда қылмыс әлемі бойынша  дүниежүзі бойынша алғашқы ондық тізіміне кіреді. Бұл қалада  адам өлімі күн сайын тіркеледі.

Пешавар, Пәкістан



Пешавар — әлемдегі ең қауіпті орындардың бірі. Қалада үнемі террористік актілер орын алып жатады.

Сана, Йемен



Йемен саяси тұрақсыздығымен  ерекшеленеді. Оның астанасы Сана қаласы қауіпті орындардың ондығына кіргізілген. Әсіресе, турстер үшін аса қауіпті  қала.

Акапулько, Мексика



Бір кездері Акапулько турстердің қаласы болған. Ерекше жағажайлар турстердің қызығушылығын оятады. Алайда есірткі саудасының бандасы қалаға келушілердің өміріне айтарлықтай қауіп тудырып отыр. Бұл Мексиканың негізгі проблемасы...

Тегусигальпа, Гондурас



Қалада әлем бойынша адам өлімі ең көп тіркеледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және қылмыстық топтар туристерге маза бермейді.

Масейо, Бразилия



Масейо – Алагоа штатының астанасы. Қалада орта есеппен жыл сайын 100 000 тұрғынғы 135  қасақана өлтіру жағдайлары  тіркеледі. Бұл Рио-де-Жанейро лашықтарында тіркелетін қылмыстан асып түседі.

Могадишо, Сомали



Бір уақыттары Могадишоға Аль-Шабаб қозғалысының  террористері аса зор қауіптер төндірген болатын. Алайда қазір ол қауіптің беті қайтқанымен, аталған ел туристер мен бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз емес.

Найроби, Кения



Кәрі құрлық болып саналатын Африкада ұзақ жылдардан бері түрлі азаматтық соғыстар жүріп жатыр. Кенияның табиғаты керемет боса да, туристер оны айналып өтуге тырысады. Өйткені мұнда ұры-қарылар, тонаушылар демалушылардың үрейін алып қояды. Соңғы жылдары бұдан Найроби қаласы қатты зардап шегіп отыр.

Чиуауа, Мексика



Қазіргі уақытта Чиуауа қаласы Америка Құрама Штаттарына есірткі тасымалдайтын дәліз. Сондықтан да мұнда есірткі тасымалдаушы кантрабандалардың дәурені жүріп тұр. Ол туристерге тапа-тал түсте де шабуыл жасауы мүмкін.

Кали, Колумбия



Латын Америкасының қалаларының ішнде ең қауіпті  мекен болып есептеледі. Мұндай күн сайын 80 адам өлімімен байланысты қылмыстық оқиға тіркеледі.  Сондықтан да бұл туристер үшін аса қауіпті қалалардың тізіміне кіргізілген.

 
нравится:    1372
Теги: Фото саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии