22 Ноябрь
15:21
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
11 қараша 15:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК МУЗЕЙЛЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Нью-Йорк қаласындағы әйгілі «Метрополитен» өнер музейі 2015 жылдың ең үздік музейлерінің көшін бастады. Бұл рейтингті жасаған «TripAdvisor» туристік қызметінің сарапшылары болатын. Олар туристердің пікірімен, таңдауымен ақылдаса келе, Нью-Йорктегі «Метрополитен» музейін үздік деп тауыпты, деп жазады kazmuseum.kz тілшісі.

Әрине, қандай критерий бойынша анықталғандығы белгілі. «Ең үздік жиһаздармен жабдықталған, ең озық өнер туындылары қойылған, сәулеті келіскен, музыкасы адамға күш беретін әлемдегі ең керемет орын» депті туристердің басым көпшілігі Нью-Йорк музейін меңзеп. «Ғимараттың сыртынан қарасаңыз да керемет, іші жәдігерлер мен жауһарларға толы» деп ағынан жарылыпты.

Үздік бестікке Париждегі «Орсе» музейі, Чикаго өнер институты, Мадридтегі «Прадо» музейі және «Лувр» ілініпті. Туристердің жоғары бағасын алғандардың қатарында Петербордың «Эрмитажы», Лондонның ұлттық галереясы, Амстердамның мемлекеттік музейі (Рейксмюзеум), Стокгольмдегі «Ваза» және Мехикодағы ұлттық антропологиялық музей енген.

Туристердің таңдауына іліккен музейлердің дені Америка мен Еуропада екен. Азиядан тек Сиань қаласындағы (Қытай) терракоттан (күйдірген саздан) жасаған қытай жауынгерлері мен олардың сәйгүліктері тұрған музей    бар. 

Дереккөзі: kazmuseum.kz
нравится:    712
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии