13 Декабрь
01:57
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
26 қазан 09:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлеуметтік желіде адамдар денсаулығы мәселесі жиі көтеріледі
Пенсильвания университетінде жүргізілген зерттеудің нәтижесі мынаны көрсетті: әлеуметтік желіні пайдаланушылар өз денсаулығы туралы мағлұматпен жиі бөліседі. Бұны бірден аңғаруға болады. Мәселен, кейде адамдар дәрісін уақтылы ішуді ұмытып кеткенін айтады. Ал көп жағдайда ішкен-жеген тамағын суретке түсіріп салып отырады (денсаулыққа зияны бар тағамдар), — деп жазады The Hindustan Times.



Ал әлеуметтік желіні қолданушылардың жазған әр сөзінен когнитивті бұзушылықты байқауға болады. Хабарламадағы әр сөзді қысқартып жазуы мен достарының көптігі — дағдарыста жүргенін білдірсе керек. Сондай-ақ, адамның қандай өмір салтын ұстанатынан хабардар боласың. Мысалы, оның нендей диета ұстап жүргені және бос уақытын қалай өткізіп, немен шұғылданатын көресің. Кейде тіпті дәрігерлердің нұсқауларын орындамайтынын және немен сырқаттанып жүргенін де жасырмайды. Ғалымдар сонымен бірге мынаны аңғарды: белгілі бір диагнозы бар адам әлеуметтік желіде өзінің науқасына қатысты терминді жиі қолданып, тіпті өзгенің жазбасына пікір жазып, «ақыл» айтып отырады. Мәселен, «іш ауруы» деген сөз тіркесін Facebookте ішкі ағзасы ауыратын 21% адам қолданса, аталмыш диагнозы жоқ адамдардың тек 8 пайызы ғана бұл сөзді қолданады екен.

Дереккөзі: http://7sunews.kz/
нравится:    690
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии