Әлем жаңалықтары
2 наурыз 15:35
Әлеуметтік желілерде отырған оқушыларды аңду жүйесі іске қосылады
Әлеуметтік желілерде отырған оқушыларды аңду жүйесі іске қосылады


Ресей Федерациясындағы «Ангел-хранитель» жүйесі әлеуметтік желіге кіретін оқушыларды қадағалайды. Бұл бағдарлама ата-анаға өз баласының террористік ұйымдар мен экстремистік сипаттағы материалдарға танытқан қызығушылығы туралы хабарлайтын болады. Сервис баланың икемділігін анықтап, оның парақшасындағы музыка, бейнеролик, суреттерді сараптайды. Бір қызығы, парақшасында экстремизм жайлы материалдары бар баланың ата-анасына бұл туралы СМС-хабарлама келеді. Сондай-ақ, мектепте әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар балалармен жұмыс жүргізіп, оқушылардың парақшаларындағы терроризм және экстремизм, ИГИЛ ұйымы туралы ақпарат өшіріліп тасталады.

Дереккөзі: islam.kz
 

Комментарии




Яндекс.Метрика