27 Май
16:05
Астана: 4 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
2 мамыр 18:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әлеуметтік желінің психикаға зақым келтіретін 6 қаупі
Күйзеліс, алаңдаушылық, ұйқы проблемалары - бұл тек бастамасы ғана. Қазіргі заманғы ересек адам орташа алғанда әлеуметтік желілердегі өз парақшасын тәулігіне 28 рет тексереді дейді психологтар. Біз қаласақ та, қаламасақ та, әлеуметтік желілер өміріміздің қажетті бөлігіне айналды. Олар оны ыңғайлы, жылдам әрі мүмкін, тіпті жағымды етеді - бірақ кез-келген күшті құрал сияқты, олар да  шамадан тыс  көп пайдалансаңыз,елеулі зиян келтіруі ықтимал.



ӨЗІН ТӨМЕН БАҒАЛАУ
Өзі мен әлеуметтік желілердегі «достар» үнемі салыстыру, сондай-ақ тамаша неке, мінсіз демалыс, сүйкімді балалар немесе сұлу бейне суреттерін көру сіздің өзіңізге деген сеніміңізге селкеу түсіруі ықтимал. Копенгаген университетінің психологтары арнайы зерттеу жүргізіп, оның аясында уақытының көп бөлігін әлеуметтік желілерге арнайтын қатысушылардың әлеуметтік желіге дейінгі және виртуалды өмірден мәжбүрлі «еңбек демалысынан» кейінгі өзін-өзі бағалауын тексерген.

Зерттеудің барлық дерлік қатысушылары бір-бірінің мінсіз өмірін қадағалаудан екі апталық демалыстан кейін өз-өзіне сенімді ғана емес, сонымен қатар өмірге деген қанағаттанушылық сезімдердің арта түскендігін айтқан.

ӘЛЕУМЕТТІК БАЙЛАНЫСТАР
Әлеуметтік желілер біздерді бір-бірімізден әңгімелесіп, жаңа достар табу және ескі достарды қолдап отыруға көмектесу үшін арнайы құрылғандай көрінеді. Дегенмен, таяуда ғана америкалық эпидемиология журналында нәтижесі жария етілген  зерттеу авторларының пайымынша: әлеуметтік желі біздердің шынайы өмірдегі орын алып отырған қарым-қатынасымызды бұзуға қабілетті. Бұл Фейсбуктен немесе Инстаграммнан мүлдем бас тарту қажет дегенді білдірмейді. Дегенмен, оған уақытты аз бөлу қажет сияқты.

ЖАД
Бір жағынан, әлеуметтік желі - біздің өміріміздің ең қызықты және қымбат сәттерін таспалаудың керемет құралы. Екінші жағынан - барлық адамдарға ашық болғандықтан, көбіне біз оларға ең сәтті фотосуреттер мен «тігісі жатқызылған» оқиғаларды орналастыруға тырысамыз. Нәтижесінде біз өз өмірімізді қалай түзететінімізге назар аудармаймыз және шын мәнінде орын алған оқиғаларды есте сақтап, оларды әдемі өтірікпен алмастыра аламыз. Бұлай жасауға болмайды.

ҰЙҚЫ
Әлеуметтік желі парақшаларын ұзақ қараудан туындайтын алаңдаушылық пен толқудың әсері ұйқының бұзылуына, сондай-ақ ұйқы сапасы мен ұзақтығына кері әсерін тигізеді. Бұған қоса, бетіңе тым тақау ұстағаннан соң экраннан түсетін жарық біздің ұйықтап кетуімізге көмегін тигізетін гормон мелатониннің өңделуіне тосқауыл қоюға қабілетті.

Дәрігерлер ұйқыға жатар алдында кемінде 40 минут бұрын смартфон мен компьютерді өшіру және әлеуметтік желілерді ұмыту қажеттігін табанды түрде жақтайды. Тым болмағанда таңертеңге дейін естен шығару қажет.

ЗЕЙІН ҚОЮ ҚАБІЛЕТІ
Алуан түрлі әрі қолжетімді ақпараттың тым көптігі әлеуметтік желі пайдаланушыларының барынша ұзақ уақыт бойы қандай да бір нысанаға назар аударуын қиындата түсіреді. Бұл оқу, жады қабілетіне де әсер етіп, шаршағандықты ұлғайтады. Қандай да бір ұзақ мәтінде оқитын болсаңыз (мәселен, осыны) ерік-жігеріңізді жиып, бір беттен екінші бетке жылдам ауысып кетпеуге тырысыңыз. Жанға жағымды айырмашылығын бірден байқайсыз.

ПСИХИКАЛЫҚ САУЛЫҚ
Әлеуметтік желімен шамадан тыс әуестену  жабырқаушылыққа немесе тіпті құлазуға алып келуі мүмкін – бұл дәлелденген факт. Соңғы жылдары жүргізілген көптеген зерттеулер әлеуметтік желі қараумен өтетін уақыт пен аталған құлазушылықтың даму тәуекелдері арасындағы байланыстардың бар екендігін дәлелдеген.

Дереккөз: www.goodhouse.ru
нравится:    141
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии