12 Декабрь
06:47
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
22 шілде 18:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әли Оқаповтың қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар
Бүгін қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар, жас әнші Әли Оқаповтың туған күні.

Әли Оқапов Қазақстандағы тұңғыш музыкалық продюсер Тасқын Оқаповтың және Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы.



​6 жасынан музыкаға жаны құмар жігіт көптеген әуезді әннің авторы. Оның репертуарында джаз, рок жанрындағы әндер де бар. Өйткені өзі де, әкесі де осы бағытты жақсы көрген. Әлидің жетістіктеріне тоқталмай-ақ қойсақ та болады. Ән айтып әуен шығарғанды, сонымен қатар бейнебаян түсіргенді ұнататын баланың болашағы жарқын болатынына сенімдіміз. Әли – ән әлемінде өзінің дара жолын салып келе жатқан жас әнші.



Әлиге бәрінен бұрын поп-музыка жақынырақ. Дегенмен, ол орындайтын әндердің негізі джаздан бастау алады, өйткені аталмыш бағыт оның шығармашылығында жеке парақ болып табылады. Кез-келген музыканттың табысының 50%-ы таңдап алған материалына байланысты.


Әли Оқапов инстаграмдағы жеке парақшасында өзі туралы былай деп баяндады.
1. Әли Оқаповқа өзге адамдардың «АлиОкапов» деп айтатыны ұнамайды. «Менің есімім мен фамилиям қосылып кеткен тәрізді. Адамдар мені «АлиОкапов» деп атайды. Жәй ғана Әли десе де болады ғой», деп жазған. 

2. 1991 жылы 22 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келдім. Жұлдыз жорамал бойынша кім екенімді әлі күнге дейін білмеймін. (себебі әр жерде әрқалай жазылған. Бірде шаянмын, бірде арыстанмын)

3. Бойым 177 см, салмағым 68 кг.

4. Мектепте 100 метрлік қашықтықта ең жылдам жүгіретін мен едім. 

5. «Орда» тобының «подтанцовкасында» болдым

6. 5 жыл бойы балалар лагерінде вожатый болдым, такси жүргізушісі болдым және курьер (гүл таситын) болып жұмыс істедім

7. Сүйектерімнің барлығы сау. Бірде-бір рет сындырған емеспін. (тфай-тфай)

8. Сол иығым оң иығымнан жоғары

9. Денсаулығыма байланысты әскерге қабылданбадым

10. Теңіз тағамдарын мүлдем жемеймін (сушиден басқа)

11. Спортпен айналысуға ниетім жоқ

12. Тамыз айында және мысықтарға аллергиям бар

13. Жылдамдық пен биіктікті жақсы көремін

14. Күн көзінен қорғайтын көзілдірік таққанды және кроссовки кигенді ұнатамын

15. Мектепте оқып жүргенде тістеріме брекет салатынмын

16. Балаларды жақсы көремін

17. Комикстерді, жалпы оқығанды ұнатамын

18. Лақап аттарым: «Шал», «Черный», «Лис»

19. Окулист болашақта көзімнің нашар көретінін және көзілдірік тағатынымды айтқан. Әзірге көру қабілетім өте жақсы

20. Сүйікті түсім - қара


Дереккөзі: oldkazakh-tv, massaget.kz
 
нравится:    1820
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии