|    |  
23 мамыр 2019
16:04
қаз
Әлімбекова ісі бойынша күдікті әйел әншінің кінәсіз екенін мойындаған
03 сәуір 2019, 10:03 318


Алматы қалалық сотында Гауһар Әлімбекованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтуде. Сотта Әлімбековамен бірге кінәлі деп танылған Феруза Ордабаева өз кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленуші Назаровадан 40 мың АҚШ долларын алғанын айтты, деп хабарлайды отандық БАҚ өкілдері. 

"40 мың АҚШ долларын алып, түрік азаматына бердім. Мұны 2016 жылғы қараша айындағы жауабымда мойындадым. Ол сол бойына қалды. 

Нақты кімнің қолынан алғаным есімде жоқ. Есімде болса да, ол адамның сотталғанын еш қаламаймын. Білсем де, айтпаймын. Өзімнің еркім, менің заңды құқығым. Ол адам бұл залда жоқ. Бірақ ол адам - Гауһар Әлімбекова емес, нақтысы", - деген Феруза Ордабаева өз кінәсін толықтай мойындайтынын айтып өтті. 

Сөзіне қарағанда, ол сол жылдары түркиялық фирмада істейтін әлдебір азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеп, тіпті солармен келісім-шартқа отырған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін үйлерді сатып алушыларға беріп келген. Бұл ісінің заңсыз екенін о баста білмепті.

"Пәтер алу үшін бердік. "Ақкент" ықшам ауданынан үй беріледі деді. Екеуміздің арамызда келісім-шарт болған, сондай жұмыс жасағанбыз. Ол кезде заңнан аттап отырмын деген ой болған жоқ, бірақ заңсыз жасаппыз",-  деп мәлімдеді Ордабаева.

Айтуына қарағанда, жәбірленуші Назарованың ұлы түріктерге 600 мың теңгені апарып, өз қолымен табыстаған. 

"Гауһар ешқандай дәлелсіз, қолхатсыз алты жылға сотталып кетті ғой. Қазақшылыққа салынып, сотталып кеттік қой", - деп қалды бір сөзінде Ордабаева.


Жаңалықтар