Спорт
11 қараша 11:39
Әлия Юсупова: Жолдасым мені журналдан көріп ғашық болған

 
Көркем гимнастикадан спорт шебері, Олимпиада ойындарына қатысып, ондықтан көрінген қазақ қызы Әлия Юсупова бұл туралы 31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Жолдасы бір журналдан спортшы қыздың сұхбатын оқып, суретін көріп ғашық болыпты. Кейін телефон нөмірін тауып алып, хабарласып, гүл, кәмпит пен себетке салынған жеміс-жидек жіберіп тұрады. Осылай бірталай уақыт хабарласып жүрген екеуі алғаш рет лифтіде кездейсоқ кездескен. 2009 жылы өткен Азия чемпионатынан кейін отбасын құрған Әлия қазір бір ұл мен бір қыздың анасы.
 


Әлия қазір көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Комментарии




Яндекс.Метрика