Спорт
22 сәуір 17:45
Әлия Юсупованың шәкірті Олимпиада ойындарына барады


Әлия Юсупованың шәкірті Сабина Әшірбаева Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. 
Бразилияда өткен лицензиялық сайыста гимнастшы қазақ аруы 69,5 баллмен жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан қоржынына кезекті жолдаманы салып берді. 
Сабина сайыста Австрия, Германия, Италия және Финляндия елдерінің гимнаст аруларын артқа тастап, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. 
Осылайша, Сабина Әшірбаева Оңтүстік Қазақстан өңірінен ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған 15-ші спортшы, ал көркем гимнастикадан Қазақстан намысын қорғайтын жалғыз аруымыз болып табылады. Осыны сезінген Сабина қазірден бастап тыңғылықты жаттығулармен айналысып, үлкен жауапкершілікпен дайындық жұмыстарына кірісіп кетті.
Бұл оның спорттық мансабындағы алғашқы Олимпиадасы екенін ескере отырып, Сабина аруға тек жеңіс тілейміз!!!

Естеріңізге сала кетейік, Азияның абсолюттік чемпионы Әлия Юсупованың шәкірті былтыр Инчхонда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.


Авторы: Айдар Жанай

Комментарии




Яндекс.Метрика