Әлем жаңалықтары
25 ақпан 13:11
Алкогольмен араластыруға болмайтын тағам түрлері



Алкоголь ішкен кезде тіскебасарды дұрыс таңдау қажет. Себебі, алкогольмен бірге араластырған кезде кейбір тағамдар мен сусындар денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

Төменде алкогольмен араластыруға болмайтын азық-түліктер рейтингін ұсынамыз.

1. Энергетикалық сусындар
Энергетикалық сусындардың құрамында артериялық қысымды көтеретін, сондай-ақ бастағы мидың қан тамырларының қысылуына алып келетін заттар бар. Егер бұл сусын түрін алкогольмен араластыратын болса, мұндай қоспа бүйректің қызметін бұзып, сіңірдің тартылуына және жүректің соғу ырғағының өзгеруіне алып келуі мүмкін.

2. Маринадтар
Маринадталған көкөністермен алкогольді араластыру бауыр мен бүйрекке кері әсерін тигізеді. Себебі маринадтардың құрамында сірке суы бар. Егер алкоголь ішкен кезде ащы нәрсе жегіңіз келсе, тұздалған қияр немесе ашытқан қырыққабатты таңдағаныңыз дұрыс.

3. Газдалған сусындар
Газдалған сусындардың құрамында көмірқышқыл гады бар, ол асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, спирттің денеге жылдам таралуына әсер етеді. Соның нәтижесінде адам тез мас болады.

4. Қызанақ
Егер алкоголь ішіп отырып, қызанақ жесеңіз, онда ас қорыту процесінде проблемалар туындауы мүмкін. Алайда қызанақтан әзірленген өнімдер (томат пастасы, кетпуч, соус) мұндай әсер етпейді, сондықтан қызанақтан дайындалған шырынды пайдалануға болады.

5. Тәттілер
Шоколад пен алкогольді араластыру ұйқы безін қабындырады, соның салдарынан ішіңіз ауырып, түйней бастайды.

6. Майлы ет
Алкоголь ішкен кезде майлы еттен бас тартқаныңыз жөн. Оның орнына пісірілген немесе қайнатылған тағамдарды, ең дұрысы – балықты таңдаңыз.

7. Жемістер
Жемістер алкогольдің ашу процесін (органикалық заттардың бөліну процесін) жалдамдатады.

8. Кофе
Кофе мен алкоголь асқазанда араласқан кезде гипертониялық күрт асқыну немесе мидағы қан тамырларының қысылуы қаупіне алып келеді.

Дереккөзі: healthystyle.info

Комментарии




Яндекс.Метрика