|    |  
12 желтоқсан 2019
00:25
қаз
Алла Пугачева мен Лайма Вайкуле Раймонд Паулске таласып қалды
24 тамыз 2017, 11:01 42



Жүргізуші-юморист Максим Галкин Instagram желісінде Алла Пугачева мен Лайма Вайкуленің әзілдеп Раймонд Паулске таласып қалған сәті бейнеленген видеоны жариялады.

Видеодан әңгімені бастаған Лайма Вайкуленің: «Мен спектакльді тамашаладым. Раймонд Паулс – менің композиторым!» - деген сөздерін естуге болады. Мұны естіген Алла Пугачева тосыннан айтылған сөзді күтпегендіктен, есеңгіреп қалғандай кейіп танытып, пианиноның үстіне жалп етіп отыра кетеді де: «Раймонд Паулс – менің композиторым!» - деп қарсылық білдіреді.

Пугачевадан мұндай жауапты күтпеген кейіп танытқан Вайкуле оны итеріп жіберіп, пианиноға ол да отыра кетеді де: «Раймонд Паулс – менің композиторым!» - деп таласа кетеді.

Екі жұлдыз осылайша композиторды бөлісе алмай таласып жатқан сәтте, олардың қасына Раймонд Паулстің өзі келеді. Екі жұлдыз оны көре салысымен жүгіріп барып, «менікі, менікі» деп құшақтай бастайды.

Видео Юрмалада Раймонд Паулстың Аустра Скуиняның сөзіне жазылған музыкалық спектакльден кейін әзіл ретінде түсірілген.

Роликтің соңында Алла Брисовна пианинода ойнап, өз шеберлігін көрсетеді.





Дереккөзі: Instagram / Максим Галкин 
 


Жаңалықтар