24 Сентябрь
19:42
Астана: 5 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
29 маусым 15:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алла Пугачеваға сыйлық жасау үшін бірнеше жыл еден жуып, қаржы жинаған


Өзбекстандық мигрант әйел Мукаддас Азизова ұзақ жылдар бойында Новосибирскінің құрылыс фирмасында еден жуушы болып істейді. Әйел Ресей эстрадасының примадоннасынаарнап шығарған өлеңдерін жинақ етіп шығару үшін, өзінің еңбекақысынан ақша жинап келген екен.

Өзінің бейнеүндеуінде әйел ұзақ жылдар бойы "Ресей жұлдызы" ("Россия юлдузи") деп аталатын өлеңдер жинағын ресейлік примадоннаға беруін армандап келген екен.

"Мен, Азизова Мукаддас, Алла Пугачеваның өнеріне табынушымын. Өзімнің оған деген махаббатымды өлеңдер жинағымда жеткіздім", – мигрант әйел.


Ол өзінің журналист болуды армандағанын, бірақ оқуға түсе алмағанын айтады. Кейін Өзбекстанда Кооператив институтын бітірген екен.

"Ресейге келіп, бірнеше жылдан бері өлең жаздым. Төрт жыл бұрын кітабымды шығардым. Оны орыс тіліне аударғым келді. Кейбір адамдар көмектесеміз деді. Бірақ ақшаны алып, мені алдап кетті. Кітап сол күйі аударылмады. Маған көмектессеңіздер екен – кітаптың Пугачеваның қолына тигенін қалаймын. Мұндағы өлеңдердің бәрі тек соған арналған. Өлең өзбек тілінде жазылған. Мен алтыншы сыныптан бері Алла Пугачеваның өнеріне табынамын. Егер маған көмектессеңіздер, алғысым шексіз болушы еді",– дейді Мукаддас Азизова.


Дереккөзі: rus.ozodlik.mobi
нравится:    1355
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии