18 Декабрь
11:17
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
18 қаңтар 12:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Алло» клипінің жалғасы түсіріледі

Ел арасында танымал әнге айналған «Алло» клипінің жалғасы түсірілмек. Бұл туралы aktobegazeti.kz сайты хабарлап отыр.

Эстрада әншілері Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан орындайтын «Алло» әні аз уақыттың ішінде тыңдарманы көп хит әнге айналды. Есек мінген ауылдың қызы мен ат үстіндегі сері жігіттің арасындағы виртуалды байланыстан басталған диалог қызықты өрбиді:

– Алло.
– Алло. Бұл кім?
– Кімді іздедің?
– Таныдың ба?
– Жұлдыз ба едің?
– Иə, сенің жұлдызыңмын.
Жан ашпаған сырды іздедім.
– Кешіріңіз! Кім едіңіз?
– Бір сұлудың тірегіміз.
Əзір бойдақ, басымыз бос…
– Бос орынға гүл егіңіз!

Жеңіл, ойнақы әннің сөздері қарапайым, қабылдауға жеңіл, музыкасы да жағымды. Әсіресе, әнді жастар жағы тез қабылдап алды. Екінің бірінің ауызында «Таныдың ба?», «Жұлдыз ба едің?», «Бос орынға гүл егіңіз», «Құрдастарым келсе жүзге, менің жасым он сегізде» деген сынды сөздер. Әлеуметтік желілерде де ән сөздерінен құралған әзілдер, тіпті пародиялар толып жатыр. Телефон қоңырауларында да осы ән жиі кездеседі. Әнді кішкентай балаларға дейін жаттап алған. Клипті екі аптаның ішінде миллион адам, ал бір айдың ішінде 3 миллионнан астам адам қарап үлгерген. Бұл — ән хит болды деген сөз.

Бір қуаныштысы, бұл әннің авторлары да, орындаушылары да өзіміздің балалар. Ән сөзін ақтөбелік айтыс ақыны Қайнар Алагөзов, музыкасын жас сазгер Құрал Молжанов жазған. Ал орындаушылардың бірі Ерке Есмахан да Ақтөбенің түлегі. Біздің оқырман әнші қыз туралы ол жаңадан елге таныла бастаған уақытында «Ақтөбе» газетіне жарияланған «Ерке қыздың әні» деген мақаладан хабардар болғаны есімізде. Төреғалидың да бөтендігі жоқ, сахнаның шымылдығынан сығалап жүрген кішкентай Төрешті кезінде әкесі Төрәлі Төлеп «Ақтөбе» газетіне арнайы алып келген болатын. Міне, бүгін сол жастар халықтың сүйікті әншілеріне айналды. Нағыз жұлдыз! Бізге әншілердің өздерімен пікірлесу мүмкін болмады. Бірі демалыста, бірі гастрольде жүр. Төреғали Төрәлінің әкімшісі Динара Бақытбекқызы әншінің Ақтауда іссапарда жүргенін айтады.

— Бір концертте жолыққанында Төреғали мен Ерке бірге дуэт орындауға келіседі. Бұған дейін Ерке ер адаммен, Төреғали әйел адаммен бірге ән орындап көрмеген. Сөйтіп, осы әдемі ән шықты. Әннің жалпы бағыты туралы ұсынысты айтқан Төреғали, оны сөзбен, әуенмен әдемілеп өрнектеп берген Қайнар Алагөзов пен Құрал Молжанов. Ерке мен Төреш клипті екі түрлі уақытта түсірді. Бірінші Ерке түсірді, ол кезде Төреш гастрольде жүрген болатын. Кейін Төреш түсірді. Клипті Еркенің продюсері Баян Есентаева мен Төрештің әкесі Төрәлі Төлеп бірігіп түсірді. Бір айда клипті 3 миллион 28 мың адам қараған, Төрештің басқа әндеріне түсірілген клиптермен салыстырғанда ең көп қаралғаны осы, яғни рекорд, — дейді ол. Динараның айтуынша, Төреғали әлеуметтік желілерде жазылып жатқан түрлі әзілдерге ренжімейді. Қайнар Алагөзов те желі қолданушыларына өз сөзін бұрмалап, күлкі қылып жатқандарына түк өкпелемепті: «Бұл әннің ұнағаны, егер сенің әніңді ұнатып жатса, оған несіне ренжимін», — дейді Қайнар.

«Сәлеметсіз бе?» — «Алло» әннің жалғасы

Әуелгіде Қайнардың жігіт пен қыздың диалогына құрылған өлеңі ұзақтау болған. Әнге ыңғайлаған кезде қысқарып қалыпты. «Құрал бір түнде әдемі ән жазып алып келді. Маған қатты ұнады. Клип те ерекше шыққан. Негізінен, формасы бөлекше болсын дедік. Сондықтан әнді диалог түрінде жаздық», — дейді Қайнар. Ол бізге тағы бір сырдың шетін шығарды:

— Диалог мұнымен аяқталмайды. Енді телефон арқылы сөйлескен екеудің кездескендегі әңгімесі де әнге айналады. Жазып, дайындап қойдық. Оның да музыкасын Құрал Молжанов жазды. «Сәлеметсіз бе?» дейтін ән «Алло» әнінің заңды жалғасы болмақ. «Алло» әнінің клипі жігіт пен қыздың кафеде кездескен жерінде аяқталады ғой. Сол жерден «Сәлеметсіз бе?» басталады:

Жігіт айтады: «Сәлеметсіз бе, сүйкімді сұлу, телефоннан-ақ таныдым-ай»,
Қыз: «Сәлеметсіз бе, сымбатты жігіт, өзендей қатты арының-ай»,
Жігіт: «Өзіңдей қызбен кездескеніме қуаныштымын, аруым-ай»,
Қыз: «Кездескеніме өкініп мен де отырған жоқпын, жарығым-ай», деп кете береді. Қайнардың айтуынша, бұл әндегі диалог та әдемі әзілге құрылған.

Бұдан бөлек Қайнар мен Құрал бес достың диалогын әнге айналдырмақ. «Оны бес жігіт айтады, бұл да әзіл ән, бес жігіт бір-бірімен кездесіп, әңгіме айтып тұрып, қайырмасында күледі. Бұл да бір жақсы форма болғалы тұр», — дейді Қайнар.

Дереккөз: aktobegazeti.kz
нравится:    1641
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии