25 Сентябрь
22:59
Астана: 2 °C
Алматы: 5 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Кербез
18 сәуір 17:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алма арықтауға көмектеседі

Жапон ғалымдары алма жеп арықтауға болатынын тағы бір дәлелдеп отыр. Ол үшін бұл жемісті уақытылы тұтына білу керек екен.

Күншығыс елінің ғалымдары алма жеп арықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген. Олар тамақтанар алдында 3 алма жеуге кеңес берген. Нәтижесінде тәжірибеге қатысқандардың аз да болса салмақ тастағаны байқалған. Себебі,алмада 15 пайызға жуық жасұнық бар. Ол ішектегі суды сақтап, ас қорытуды жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, жасұнық қандағы холестерин көлемін азайтуға әсер етеді екен.

3 алмада 600 мг полифенол болады. Ол денедегі майды ыдыратып, ас қорытуды жеңілдетеді. Сондай-ақ, жапон ғалымдары алма жемісінің денсаулықты жақсартып, ұзақ өмір сүруге де көмектесетінін айтып отыр.

Тағы бір айта кететіні, алма диетасын ішек жолдарында сырқаты бар адамдарға ұстануға болмайды.

massaget.kz
нравится:    913
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии