|    |  
22 тамыз 2019
20:39
қаз
Алма мен ірімшік қосылған бәліш
24 сәуір 2017, 12:23 30

Керекті ингредиенттер:


Жұмыртқа - 3 дана, қант - 200 гр, ұн - 200гр, айран - 100 мл, күнбағыс майы - 2 ас қасық, ас содасы - 1/3 шай қасық, какао-порошок - 2 ас қасық, алма - 2 дана.

Салмасына:

Ірімшік - 150 гр, қаймақ - 100 гр, жұмыртқа – 1 дана.

Дайындау тәсілі:

Жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырып үстіне айран мен майды қосамыз.
Миксермен жақсылап араластырып үстіне алма,какао-порошок пен ұнды саламыз.
Табаны майлап қамыр жайып саламыз да үстіне салмасын саламыз.
170-180 С 50 минутқа қызыдырылған пешке қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!


Жаңалықтар