18 Июль
22:13
Астана: 23 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 344.58
EUR/KZT: 400.51
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.30
Кербез
31 қазан 16:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алма мен ірімшік қосылған штрудель

Штрудель - әртүрлі салмасы бар, орама тәріздес ұннан жасалған тағам. Көбіне штрудельді алмамен жасайды. Бірақ тәтті емес салмасымен де жасай беруге болады (мысалы, картоп, шұжық, орамжапырақ, т.б.). Бастысы көп уақыт алмайды, күтпеген жерден құтты қонағыңыз келе қалса, жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта шайға тәтті жасап жібересіз;)

Құрамы:

Қатпарлы қамыр - 2 жапырақ,
Алма  - 2 дана,
Қоңыр немесе ақ қант - 1 ас қасық, 
Крахмал - 1 шай қасық,
Даршын - 1/4 шай қасық,
Ірімшік - 200 гр.,
Қоюлатылған сүт (немесе 50 гр қаймақ + 1 ас қасық қант) - 2-3 ас қасық,
Қара өрік немесе мейіз - 1-2 уыс
Жұмыртқаның сарысы (үстіне жағуға).

Жасалуы:

Қатып тұрған қатпарлы қамырды жылы жерге шығарп, жібітіп қоямыз.
Алманы турап, қант, крахмал және даршынды қосып араластырамыз. 


Бір жапырақ қамырды жұқалап жайып (3-5 мм), үстіне алманы саламыз да, орама тәріздес ораймыз


Ірімшік пен қоюлатылған сүтті араластырамыз. Қоюлатылған сүттің орнына қаймақ пен қант қосуға болады.


Жайылған қамырдың үстіне ірімшіктіғ оның үстіне туралған қара өрікті немесе мейізді саламыз.


Орамаларды пештің табағына қойып, үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз.
180°С-та қызып түрған пешке 25-30 минутқа қоямыз.


gourmania.kz
 
нравится:    582
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии