Әлем жаңалықтары
13 наурыз 22:58
Алмас Кішкенбаевтың әйелі ажырасқандарын мәлімдеді
Желіде Алмас Кішкенбаевтың әйелімен ажырасқаны сөз болуда. Әншінің әйелімен ажырасқаны рас па?



“Бұл өмірде ешкімге сенбеңіздер, тек өзіңе ғана сеніңіздер. Сәттілік саған, Алмас Кішкенбаев”, – деп жазды әншінің жары Мөлдір Серікбаева желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қабылдай алмады. Кейбірі өкініш білдіріп, қосылуларына тілектес екенін жеткізді.

Мөлдір Алмас екеуінің бірге түскен соңғы суретін де жариялады.

“Алмас тәрбиелі бала сияқты еді. Осылай болғаны өкінішті. Не себеп болды екен?”, “Отбасы болған соң ұрыс-керіс болады. Қайта қосылады деп сенемін”, “Бәріне қызғаныш себеп секілді. Танымал адам болған соң қызғаныштың болатыны белгілі”, – деп жазады желі қолданушылары.

Дереккөзі: http://stan.kz/

Комментарии




Яндекс.Метрика