Туризм
7 шілде 17:48
Алматы-Қапшағай бағытындағы темір жол қатынасы жұмысын тоқтатты
Бір ай бұрын ашылған Алматы-Қапшағай бағытындағы темір жол құрамы өз жұмысын тоқтатты деп мәлімдеді “Тұран экспресс” компаниясының экономисі Сәнжан Қаңлыбаева ҚазАқпарат тілшісіне.


Компания өкілінің айтуынша, жаңа бағыт тасымалдаушыны шығынға батырған. “Біз Алматы-Қапшағай бағыты жаз мезгілінде сұранысқа ие болады деп үміттендік. Бірақ, тұрғындарға арнайы пойыздың қажеті жоқ болып шықты. Қолымыздан келгенше халыққа жарнама жасауға тырыстық. Бірақ, бәрібір шығынмен жұмыс істеп келдік”, – деді ол.

Айта кетейік, жаңа бағыт биыл маусымда ашылған болатын. 5 вагоннан тұратын темір жол көлігі 1,5 сағатта Алматыдан Қапшағайға күніне 2 рет қатынайтын еді.

Дереккөзі : http://www.inform.kz/

Комментарии




Яндекс.Метрика